БҚО бойынша Антикор күрделі жөндеуді аяқтау кезінде көптеген бұзушылықтарды анықтады
«Шыңғырлау ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің тапсырыс берушісі ҚР ӘҚБтК-нің 312-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет спорт мектебін күрделі жөндеу кезінде бірқатар бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысын мониторингілеу барысында «Шыңғырлау ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің ғимаратына аяқталмаған күрделі жөндеуді қабылдау фактісін анықтады.
Мониторинг барысында құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасыз орындалуы, металл қақпалардың болмауы; плиткаларды төсеу технологиясын сақтамау; су өлшегіш торапты орнату кезінде коррозияға қарсы іс-шаралар технологияларының бұзылуы; ғимараттың периметрі бойынша материалдың беттік бұзылуы бөлігінде және басқа кемшіліктер анықталды.
Департаменттің ұсынысымен «Шыңғырлау ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің тапсырыс берушісі ҚР ӘҚБтК-нің 312-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бүгінгі таңда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.