Оралда тамақ қалдықтарын қайта өңдеу жолға қойылмақ
Жоба үшін инвестиция сомасы 2,5 млрд теңгені құрайды.
БҚО-ға инвестициялар тарту жөніндегі өңірлік кеңестің отырысы барысында тиісті инвестициялық жоба мақұлданды.
Азық-түлік қалдықтарын биоконверсиялау жөніндегі жобаны «FWR Solutions» ЖШС бас директоры Бекежан Қайырғалиев ұсынды, ол қоқысты және шикізатты қайта өңдеу проблемасына экологиялық көзқараста озық шет елдердің тәжірибесін негізге алуға шешім қабылдады.
– Қоқыстың ең маңызды бөлігі – балабақшалардың, мектептердің, тамақтану орындарының, әртүрлі мейрамханалардың, көшедегі жылдам тамақтанудан шыққан тамақ қалдықтары болып табылады. Сонымен қатар, тамақ қалдықтары мен тағамға жарамсыз өнімдерді биоконверсия үшін бастапқы шикізат ретінде пайдалануға болады, – деп атап өтті кәсіпкер.
Өсімдік шикізатын биоконверсиялау технологиялары тамақ өнеркәсібінде жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнім алу, сондай-ақ қалдықтары аз өндірістерді ұйымдастыру мақсатында кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, бұл органикалық қоқыстарды өңдеудің тиімді әдістерінің бірі, бұл экологиялық жағдайды жақсартуға оң үлес қосады. Бүгінгі таңда қоқысты қайта өңдеудің оңтайлы нұсқаларын іздеу, қалдықсыз және аз қалдықсыз өндірістерді құру жаһандық тренд болып табылады, өйткені экологияны, мұхиттың, ормандардың және топырақтың жай-күйін сақтау мәселелері бүгінде жер шары халқының көп бөлігін алаңдатады. Қоршаған ортаны адам қалдықтарымен ластау мәселесі барабар шешімді қажет етеді. Сондықтан биоконверсия әдісі өте өзекті және дамыған елдерде қолданылады.
Б. Қайырғалиевтің айтуынша, жобаны әзірлеуде ол шетелдік ғалымдардың еңбектеріне сүйенген. Биоконверсия процесінде тропикалық шыбын дернәсілдері қолданылуы керек.
Жоба үшін инвестиция сомасы 2,5 млрд теңгені құрайды, оның 250 миллионы – өз қаражаты, 1,5 млрд теңгесі – Германиядан келген инвесторлардың жеке қаражаты. Бекежан Қайырғалиевтің айтуынша, жоба құрылыс кезінде 100-ге жуық жұмыс орнын құруды көздейді, пайдалану кезінде 70 жұмыс орны құрылады.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев бизнес-объект орналасатын жер учаскесі елді мекендердің жанында жұмыс істемеуі тиіс екенін, сондықтан санитарлық-қорғау аймағының аумақтық шекараларын құзыретті органдармен келісу қажет екенін атап өтті.