Қазақстанға жеңілдікпен электромобиль әкелу мерзімі ұзарады

Биыл жыл басынан бері елге шетелден 6 мыңнан аса электрокар кірген.

«Еуразиялық экономикалық комиссия баж салығын төлемей электрокар кіргізу мүмкіндігін 2025 жылға дейін ұзартуды қарастырып жатыр», — деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев. Оның айтуынша қазір Қазақстанда жеке тұлға жолаушы кедендік декларациясын тапсыру арқылы жылына бір рет электромобиль әкеле алады, ол үшін кеден салығы мен ҚҚС төлемейді.

Е.Саудабаев биыл 10 айда елімізге 6523 электромобиль кіргенін айтты, ал кейінгі екі жылда тұрғындар баж салығы мен ҚҚС төлемей 6875 электрокар әкеліпті. Қазақстан ЕЭК Кеңесі белгілеген квотаны толық игерген жоқ, жыл аяғына дейін елге тағы 8477 электромобиль кіргізуге мүмкіндік бар.

Департамент директоры «жеңілдікпен» электромобиль әкелетін адам Қазақстан азаматы болуы және елде тұрақты тұруы қажет екенін айтты. Квота бойынша әкелген электрокарды үш жыл бойы Ресейге сатуға болмайды. Машинаны келешекте шетелге сату үшін ДСҰ тарифіне сай декларация тапсыру қажет, ол бойынша азамат кедендік салық төлемейді, бірақ ҚҚС (12 %) мен кедендік алым (20 000 теңге) төлейді. Мұндайда сатып алушы кедендік тазарту сомасындағы айырмашылықты немесе 15 % кедендік салық, 12 % ҚҚС және 20 000 теңге кедендік алымды қамтитын бірыңғай кедендік тариф (БКТ) бойынша төлем жасайды.

Дереккөз: kolesa.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-05-24
Утром6.52 ℃
Днем14.99 ℃
Вечером14.53 ℃
Ночью9.42 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра9.54 м/с
2024-05-25
Утром8.97 ℃
Днем19.55 ℃
Вечером21.52 ℃
Ночью15.3 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра6.32 м/с