Бұдан былай меморгандар такси шақыру қосымшаларын бақылауға алады

Қазақстанда көлік құралдары мен олардың жүргізушілерінің жұмысын мониторингтеу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен таксиге тапсырыс берудің мобильді қосымшаларын интеграциялау мәселесі қарастырылып жатыр.

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярдың депутаттардың сауалына берген жауабында айтылған.

Вице-премьер жуырда көлік және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар арасында заңсыз жолаушылар тасымалын жою жөніндегі бірлескен Жол картасы қабылданғанын еске салды.

Құжат шеңберінде заңнаманың белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеру үшін заңсыз тасымалдаушылардың стихиялық тұрақтарына рейдтік іс-шаралар жүргізу, таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшаларының қызметін бақылауды ретке келтіру, фото және видео тіркеу камералары арқылы тұрақты негізде жолаушыларды заңсыз тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарын анықтау жоспарланып отыр.

“Сондай-ақ көлік құралдары мен олардың жүргізушілерінің жұмысын мониторингтеу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен таксиге тапсырыс берудің мобильді қосымшаларын интеграциялау мәселесі пысықталады. Осыған байланысты, осы бағыттағы одан әрі жұмысты жол картасы шеңберінде уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізетін болады” – делінген жауапта.

Еске салайық, жуырда БАҚ беттерінде Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметі Қазақстандағы «Яндекс.Такси» қызметіне қатысты мәліметтерге тәулік бойы рұқсат алатыны туралы ақпарат тараған.

Қазақстандағы Яндекс Go компаниясы бұл ақпаратқа түсініктеме беріп, Ресей заңнамасы Қазақстандағы қызметке және оның пайдаланушыларына қатысты қолданылмайтынын жеткізген.

9 тамызда Қазақстанда Yandex.kz іздеу жүйесінің жұмысы деректерді сақтау ережелерінің бұзылуына байланысты бұғатталды. Цифрландыру министрлігі компанияға деректерді өңдеу орталықтарының орналасқан жері туралы, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының дербес деректерін қорғау шаралары туралы толық ақпарат беру туралы сұрау жіберді.

Сондай-ақ, ресурстан өз доменін республика аумағына көшіру талап етілді.

Дереккөз: Ulysmedia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-09
Утром17.16 ℃
Днем26.46 ℃
Вечером26.47 ℃
Ночью21.08 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.39 м/с
2024-09-10
Утром17.79 ℃
Днем27.37 ℃
Вечером26.6 ℃
Ночью22.25 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.84 м/с