Елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны қанша

2023 жылдың III тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,1 млн адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 6,9 млн адам жалдамалы жұмысшы болса, 2,2 млн адам — өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Фото: ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше,2022 жылдың III тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамту 134,5 мың адамға, негізінен жалдамалы жұмыскерлердің (78,4 мың адам) есебінен өсті, сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны (56,1 мың адам) өсті.

Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (16,6%), білім беру (12,8%), ауыл шаруашылығы (12,2%) және өнеркәсіп (12,1%) салаларында байқалды.

Негізгі жұмыста орта есеппен бір жұмыспен қамтылған халыққа аптасына нақты жұмыс істеген сағаттары 38 сағатты, бір жалдамалы қызметкерге – 40 сағатты, өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерге – 34 сағатты құрады.

“Жұмыссыз, бірақ жұмыс іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын емес адамдар саны (әлеуетті жұмыс күші) 23 мың адамды құрады. Жұмыс күш құрамына кірмейтін адамдардың үлесі – 15 және одан жоғары жастағы халықтың 31,2%”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда жұмысынан айырылып, жәрдемақыға жан баққандар саны өсті. 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты 172,3 мың адам әлеуметтік төлем алған.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Қазақстанның 8 өңірінде жұмыссыздар көбейгені хабарланған.

Қазақстанның экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары Лондондағы әріптестерімен бірлесіп жұмыспен қамту мәртебесін және оның халықтың әл-ауқатына әсерін бағалау үшін зерттеу жүргізді. Зерттеу аясында аймақтық әл-ауқат индексі жасалды. Халықтың еңбек нарығының статистикалық көрсеткіштерін талдай отырып, жұмыссыздық проблемасы 20 өңірдің 8-інде: Түркістан, Маңғыстау, Жетісу, Абай, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында аса өткір екені белгілі болды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО-да жұмыссыздар көбейген

БҚО-да қанша жұмыссыз тіркелген

Былтырғыдан 227% көп: Қазақстанда жұмыс іздеушілер саны күрт өсті

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-14
Утром14.82 ℃
Днем16.54 ℃
Вечером16.53 ℃
Ночью11.99 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра6.99 м/с
2026-04-15
Утром11.78 ℃
Днем21.38 ℃
Вечером20.6 ℃
Ночью12.56 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.88 м/с