Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге қанша айыппұл салынады

Елімізде көлік жүргізушілері 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті. Бұл шартты орындамағандарға айыппұл салынады.

Фото: elements.envato.com

Тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік кодексінің 590-бабының 5-бөлігі бойынша қысқы уақытта жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушіге айыппұл салуға құқылы.

Бұл айыппұлдың ең төменгі мөлшері — 5 АЕК (17 250 теңге), егер бір жыл ішінде жүргізуші осындай заңбұзушылықты қайта жасаса, онда айыппұл 10 АЕК (34 500 теңге)-ке дейін артады.

«Қыс таяп қалды, сондықтан 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін біздің барлық көліктеріміз қысқы резеңкеге ауысуы керек. Бұл — қауіпсіздік талаптары, өйткені ірі мегаполисте алғашқы жауын-шашыннан кейін аласапыран басталады. Оның себебі — жүргізушілер қыс мезгіліне дайын емес», — деді Брифингте Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ол жүргізушілерді алдын ала қамданып, көлікті қыс кезіне ертерек дайындауға шақырды.

Полицейлер 1 қарашада осы бағыттағы профилактикалық жұмысты бастады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-17
Утром17.75 ℃
Днем26.06 ℃
Вечером21.23 ℃
Ночью17.33 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра6.77 м/с
2025-06-18
Утром15.64 ℃
Днем23.69 ℃
Вечером22.71 ℃
Ночью17.23 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра6.93 м/с