«Бір күн қалды»: емханаға тіркелу науқаны аяқталуға жақын

2024 жылдан бастап медициналық көмек алу үшін өзге емханаға ауысуға мүмкіндік беріледі.

«ОА» мұрағатынан

Қазақстанда жыл сайынғы емханаға тіркеу науқанының аяқталғанына бір күн қалды, деп хабарлайды медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі.

15 қараша емханаға тіркеу науқаны аяқталады.

«2024 жылдан бастап медициналық көмек алу үшін өзге емханаға ауысуға мүмкіндік беріледі«, – делінген ресми хабарламада.

Емханаға не үшін тіркеледі?

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС аясында медициналық көмек алу үшін міндетті түрде емханаға тіркелу керек. Денсаулығыңызға қатысты қандай да бір шағым болса емдеуді тағайындау немесе одан әрі тексерілуге жолдама алу үшін өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге бара аласыз.

Пациент медициналық көмек алу үшін алдымен учаскелік дәрігерге (терапевт/ жалпы тәжірибе дәрігері/ педиатр) барады. Ол қабылдауға келген адамның денсаулық жағдайын бағалап, анамнез жинап, алдын-ала диагноз қояды. Кейбір жағдайларда емдеуді тағайындап, бейінді маманға жолдама береді.

Қайда тіркелуге болады?

Азаматтар алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін клиникаларға тіркеле алады. Оған қалалық емханалар, дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер, отбасылық денсаулық орталықтары кіреді. Бұл медициналық ұйым алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасады.

Жеке тұлғалар тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша өз еркімен бір клиниканы таңдай алады.

Жекеменшік клиникаға тіркелуге бола ма?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдардың меншік нысанына қарамастан алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметтерін көрсетуге шарт жасасады. Сондықтан жеке меншік клиникаға да тіркелуге болады.

2024 жылға арналған тіркеу науқанына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 745 ұйым қатысады, оның жартысынан көбі – 385 жекеменшік клиника.

Менің рұқсатым болмаса, басқа емханаға тіркей ала ма?

Денсаулық сақтау басқармалары азаматтар үшін қолжетімділік қағидатын ескере отырып, халыққа қызмет көрсету аумағын медициналық ұйымдар бойынша қайта бөле алады. Бірақ емхана қызметкерлері тіркелген адамдарға телефон арқылы (базада нөмірі көрсетілген жағдайда) жазбаша немесе басқа тәсілмен хабарлау керек. Комиссияның шешімімен келіспесе, басқа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымға тіркеуге өтініш бере алады.

Егер өтініш бермесеңіз және емханаңыздың ауысқанын байқасаңыз, алдымен денсаулық сақтау басқармасына хабарласуыңыз керек. Егер бұл аймақтық комиссияның шешімі болмаса, ресми шағым бере аласыз.

Жаңа емхананың жұмысы ұнамаса не істеу керек?

Пациент 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа емханада қызмет ала бастайды. Егер медициналық көмек алу барысында бір нәрсе көңіліңізден шықпаса, еркін таңдау құқығын пайдалана аласыз. Яғни, жылына бір рет тіркеу науқанынан тыс кезде емхананы ауыстыруға болады.

Емхананы қаншалықты жиі ауыстыруға болады?

Пациент келесі жағдайларда емханасын ауыстыра алады:

1. тұрғылықты жерін ауыстырған кезде;

2. бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде емхананы еркін таңдау кезінде;

3. 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығындағы тіркеу науқаны кезінде;

4. өңірлік комиссияның ұйғарымымен емханаға тіркегеніне келіспеген жағдайда;

6. емхана алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда, сонымен бірге емхананы қайта ұйымдастыруға, таратуға байланысты;

5. егер емхана Қормен шарт жасаспаса /шартты бұзған жағдайда/ медициналық қызметтер көлемін алмаса;

7. қызмет көрсету аумағында жаңа клиникалар пайда болған кезде.

Қайда хабарласуға болады?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бірнеше байланыс арналары бар. Олар:

  • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
  • fms.kz ресми сайты
  • Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
  • 1414 байланыс орталығы
  • Сондай-ақ Damumed, Halyk, BCC.KZ, Kaspi.kz мобильді қосымшалары МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеруге мүмкіндік береді.

Ал электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-05-22
Утром15.63 ℃
Днем24.24 ℃
Вечером17.15 ℃
Ночью14.92 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра7.57 м/с
2024-05-23
Утром13.13 ℃
Днем16.85 ℃
Вечером16.68 ℃
Ночью10.95 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра7.74 м/с