Сақтандыру төлемдерін онлайн-реттеуге көшу 2024 жылдан басталады

Сақтандырудың барлық міндетті түрлері бойынша сақтандыру жағдайларын онлайн-реттеу рәсімдері және сақтандыру төлемін алудың оңайлатылған тәртібі (Еурохаттама) 2024 жылдан бастап енгізіледі.

Сақтандыру жағдайларын онлайн-реттеу сақтандыру процесін жеңілдетіп, оны барынша қолжетімді етеді. Тұтынушы кеңсеге бармай-ақ сақтандыру ұйымының сайты арқылы сақтандыру төлемін алу үшін өтініш пен қажетті құжаттарды бере алады. Өтініштен бастап төлемге дейінгі сақтандыру жағдайын реттеу процесінің барлық кезеңдері тұтынушының жеке кабинетінде көрсетіледі және Бірыңғай сақтандыру дерекқорында тіркеледі. Сақтандыру шартының әрбір кезеңін электрондық тіркеу тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Еурохаттама онлайн режимінде ЖКО орнында жол полициясын тартпай және сотқа жүгінбей сақтандыру жағдайын ресімдеуге мүмкіндік береді. Егер ЖКО-ға тек екі көлік қатысса, адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілмесе, үшінші тұлғалардың мүлкі зардап шекпесе, Еурохаттама қолданылады. ЖКО қатысушылары апатқа кім кінәлі, кім зардап шеккен және залал сомасы 100 АЕК-тен аспайтыны туралы келісімге келуі керек.

Еурохаттама процесті едәуір жеңілдетеді және сақтандыру төлемін алу мерзімін қысқартады. Егер бүгінгі күні сақтандыру төлемін алу орта есеппен 92 күнді алса, Еурохаттама 6 жұмыс күнінен кейін, оның ішінде залалды бағалауға 3 күнді қоса алғанда, ақша алуға мүмкіндік береді. Жол полициясы мен соттарға жүктеме азаяды.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры арнайы мобильді қосымша әзірледі. Қосымша сақтандыру ұйымына онлайн өтінім беруге, биометриялық сәйкестендіруден өтуге, цифрлық құжаттарды, фотосуреттер мен видеоларды қоса беруге мүмкіндік береді. Төлемдерді сақтандыру ұйымы жәбірленушінің банктік шотына аударады.

Сақтандыру ұйымдары өздерінің мобильді қосымшалары мен интерфейстерін де жасай алады. Тұтынушы ең ыңғайлы қызметті таңдау мүмкіндігіне ие болады.

Цифрлық технологияларды пайдалану сақтандырудың барлық бизнес-процестерін оңтайландыруға және автоматтандыруға мүмкіндік береді, бұл, түпкілікті нәтижесінде, өңірлердегі халықты сақтандыру қызметтерімен қамтуды, халық пен бизнес үшін сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттырады және сот дауларының санын айтарлықтай азайтады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-06-19
Утром20.43 ℃
Днем30.49 ℃
Вечером29.41 ℃
Ночью21.87 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра8 м/с
2024-06-20
Утром19.17 ℃
Днем27.4 ℃
Вечером27.96 ℃
Ночью22.28 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра5.48 м/с