Полиция қызметкеріне қарсылық танытқан көлік жүргізушісі қамауға алынды

Заңды талапқа бағынбаған жүргізуші көлігінің дөңгелегіне екі мәрте және инспектор ескерту мақсатында аспанға екі реттен оқ атқан.

Көрнекі сурет «ОА» мұрағатынан

17 қараша күні сағат 11:45 шамасында Атырау-Орал тасжолының 183 шақырымында DALMLERCHR SLER автокөлігінің жылдамдық асырғаны анықталды,- деп хабарлайды Polisia.kz.

Алайда аталған көлік жүргізушісі патрульдік полиция инспекторларының заңды талабына бағынбай, нәтижесінде Индербор кентінен қызметтік көліктердің алдын бөгеуімен тоқтатылған. Көлік құралы тоқтатылған соң да жүргізуші көліктен түспестен қашып құтылмақ болып патрульдік полиция инспекторының оң аяғын басып кетіп, жол бойындағы бірнеше автокөлікке авариялық жағдай тудырып жүріп өткен. Заңды талапқа бағынбаған жүргізуші көлігінің дөңгелегіне екі мәрте және инспектор ескерту мақсатында аспанға екі реттен оқ атқан.

Фото: видеодан скриншот

Аталған көлік тас жол бойынан тоқтатылып, ұсталды. 1989ж.т., жүргізушісі медициналық сараптамадан өткізіліп мас күйде емес екендігі анықталды. Ол көліктің өзінікі емес екендігін айтып ақталған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы 2 бөлігімен, 601-бабы 1 бөлігімен, 606-бабы 1 бөлігімен, 613-бабы 1 бөлігімен хаттама толтырылды. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 3 бөлігімен, яғни билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдікті қамауға алынды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-17
Утром21.27 ℃
Днем27.76 ℃
Вечером31.81 ℃
Ночью19.87 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра4.66 м/с
2025-07-18
Утром19.49 ℃
Днем29.45 ℃
Вечером27.7 ℃
Ночью22.84 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.46 м/с