БҚО тұрғындары салықтар бойынша 300 млн теңгеден астам қарыз
БҚО тұрғындарының салықтар бойынша берешек сомасы 318 млн теңгені құрайды, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті. Оның 103,6 млн теңгесі — мүлікке.

Облыста 7,6 млн теңге сомасына 18 031 адам мүлік салығынан босатылды. Көліктен — 120 133 теңгеге 8 942 адам жеңілдік алады.
Ведомствода төмендегі санаттағы адамдар салық төлеуден босатылатынын еске салды:
— Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері;
— «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Epi» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан»орденімен марапатталған адамдар;
— «Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа»алқасымен марапатталған көп балалы аналар.
— Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген;
— Басқа мемлекеттер аумағындағ ұрыс қимылдарының ардагерлері;
— Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
— кемінде алты ай қызмет еткен және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмағандар;
— мүгедектігі бар адамдар.
— меншігінде мотоколяскалар мен автомобильдер бар мүгедектер
