«Қорқынышты сандар»: Төрт жыл ішінде интернет-алаяқтыққа қатысты 72 мыңға жуық қылмыстық іс тіркелген

Бас прокуратура мәжіліс депутаттары Абзал Құспан мен Ерлан Саировтың алаяқтық жолмен берілген онлайн несие мәселесіне қатысты сауалына жауап берді.

Фото: poryadok-v-dome

Адвокаттар Дана Мырзаханова, Дамир Хамитов және Гүлнар Мурзалинова бұған дейін депутаттардан осындай мәселелерді шешуді сұраған болатын.

Заңгерлер қай банктер алаяқтық жолмен онлайн несие беруге рұқсат бергені туралы деректерге қоғамның назарын аударуда. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі кезеңде (3 жыл 9 айға) көрсеткіштер келесідей: Kaspi Bank – 15 538, Халық банкі – 1 956, Хоум Кредит Банкі – 1 130, Forte Bank – 1 497, Еуразиялық банк — 543.

«Интернет-алаяқтықтан барлық екінші деңгейлі банктер зардап шеккен! Сонда орынды сұрақ туындайды: олардың ақпараттық қауіпсіздік жүйесі неге банктің қаражатын қылмыстық құқық бұзушылықтың осы түрінен қорғамайды? Бұл олардың қолынан келмейтінін білдіреді, яғни мұндай ақпараттық қауіпсіздік жүйесі жоқ, өйткені ең озық Kaspi Bank-тың ақпараттық қауіпсіздік жүйесі де интернет-алаяқтарға алданып қалуы мүмкін. Сондықтан онлайн несиеге тыйым салу мәселесін көтергеніміз дұрыс», — деді заңгерлер.

Бас прокуратурадан келген жауапқа сүйенсек, 3 жыл 9 айда интернет-алаяқтық бойынша тіркелген қылмыстық істердің жалпы саны 71 810. Ал оның тек 13 530-ы ғана ашылған. 58 280-і ашылмаған, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлға анықталмауына байланысты тоқтатылған істердің жалпы саны 55 979.

«Қорқынышты сандар! Қазақстанда интернет алаяқтығынан қаншама адам зардап шекті, ал полиция мұндай істерді шеше алмайды! Полицияның дәрменсіздігінің салдары одан да қорқынышты, өйткені бүкіл елде осындай сот тәжірибесі дамығандықтан, соттар алаяқтыққа ұшыраған азаматтардан қарызды (интернет-алаяқтар салған несиелер бойынша) өндіріп алу туралы екінші деңгейлі банктердің талаптарын банктердің пайдасына қанағаттандырады. Ал банктік қарыз шартын жарамсыз деп танудан бас тартады! Бұл интернет-алаяқтықтың қорғансыз, аянышты көрінісі”, — деді заңгерлер.

2023 жылдың тамыз айының соңында Қазақстан тұрғындарының несиелер мен онлайн несиелерді беруге тыйым салу мүмкіндігі бар екені белгілі болды.

Дереккөз: Stan.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-16
Утром19.4 ℃
Днем30.06 ℃
Вечером29.33 ℃
Ночью16.76 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.44 м/с
2026-05-17
Утром15.29 ℃
Днем27.75 ℃
Вечером27.32 ℃
Ночью20.78 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра7.9 м/с