«3 миллион емес, 2,8 мың гектар жер зақымдалған»: Сарапшы экология министрлігінің ақбөкендерді ату үшін өтірік ақпарат ұсынғанын мәлімдеді

Ақбөкендер Батыс Қазақстан облысында 3 миллион гектар ауылшаруашылығы алқаптарына зиянын келтірген. Алайда журналист Кирилл Павлов бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

«ОА» мұрағатынан

Қазақстанда киік аулау мәселесі өзекті болып тұр. Жақында ғана экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 2023 жылдың 1 қазаны мен 15 қараша аралығында киік аулауға рұқсат етілгенін хабарлаған еді. Себебі ақбөкендер Батыс Қазақстан облысында 3 миллион гектар ауылшаруашылығы алқаптарына зиянын келтірген. Алайда журналист Кирилл Павлов бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Казахский чуваш Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Журналис ақпаратты нақтылау үшін Батыс Қазақстан облысы әкімдігіне жүгінгенін, бірақ алған ақпараты министрлік келтірген мәліметтерге сәйкес келмейтін айтады.

«Министрліктің жауабына сілтеме жасай отырып, барлық зардап шеккен шаруалар мен жерлердің, соның ішінде шабындықтар мен жайылымдардың толық тізімін сұрадым. Әкімдік 2,8 мың гектар егістік алқапқа ғана акт жасалған деп жауап берді. Ал 1350 шаруаның орнына 25 шаруа ғана зардап шеккені айтылды. Бір қызығы қалған 2997,2 мың гектар және 1325 шаруа қайда кетті? Неге бұл үшін киіктер жауап беруі керек? Нысанбаев мырза, сіздің қызметкеріңіздің калькуляторы немесе логикасы бұзылған ба? Бұл үшін кім жауап береді?» – деді журналист.

Фото: Казахский чуваш Telegram-арнасынан алынды

Айта кетейік, бұған дейін экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 2024 жылдың 1 қазаны мен 15 қараша аралығында киік аулауға рұқсат етілгенін хабарлаған еді. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев киік етіне қатысты шыққан даулы мәселеге жауап беріп, ақбөкендердің әсерінен өңірдегі шаруалар 8 миллиард теңге шығынға ұшырағанын айтқан еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қазақстанда киік қыру басталды: киелі аңның саны қалай реттеледі

БҚО-да ақбөкендерді аулау 20 желтоқсанға дейін ұзартылды

Киіктерді аулау: 226 мың бас жануарды «Охотзоопром» РМК-ның БҚО-дағы филиалы етке жіберуі тиіс

Зооқорғаушылар дабыл қағуда: ақбөкендер БҚО аумағынан кетіп жатыр

Халық тарапынан киік етіне сұраныс аса жоғары емес – БҚО әкімі

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-27
Утром14.73 ℃
Днем19.24 ℃
Вечером9.24 ℃
Ночью7.18 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 1001
Скорость ветра7.7 м/с
2025-04-28
Утром2.6 ℃
Днем7.34 ℃
Вечером6.24 ℃
Ночью3.15 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра9.83 м/с