БҚО-да екі жасөспірім қарт адамды тонап кеткен: күдіктілердің бірі жәбірленушінің немересі болып шықты

Оларды ұстау кезінде бірінің, яғни 18 жастағы күдіктінің қалтасынан тапанша және жиналмалы пышақ, ал 17 жастағы немересінен ұрланған ақша табылып, тәркіленді.

БҚО-да екі жасөспірім қарт адамды тонап кетті. Күдіктілердің бірі жәбірленушінің немересі болып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарашаның 16-сы күні сағат 21:40-та Бәйтерек ауданы Приурал полиция бөлімінің кезекшісіне үрейі ұшқан әйел қоңырау шалып, белгісіз біреулер оның әкесіне шабуыл жасап, қалтасындағы ақшасын ұрлап кеткенін хабарлаған.

Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы мен учаскелік полиция инспекторы жіберілді. Дабыл бойынша полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Оқиға орнына бара жатқан жолда учаскелік полиция инспекторы жол бойында екі жігітті байқайды, бірақ жігіттер полиция қызметкерінің оларға қарай бет алғанын байқап, қашып кетеді. Алайда полиция қызметкері біреуін танып үлгереді.

Оқиға орнына жеткен полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізу барысында белгісіз екі жігіттің егде жастағы ерлі-зайыптылар тұратын үйге кіріп, ер адамға дене жарақатын салып, оны тонап, 190 мың теңге көлеміндегі ақшасын ұрлап кеткенін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері 18 және 17 жастағы екі жігітті Дариян ауылында қолға түсірді. Оның бірі жәбірленушінің өз немересі болып шықты. Жауап алу кезінде тонауға барған екі жігіт сол күні Орал қаласынан Дариян ауылына қайтып келе жатқан жолда бірі-бірімен кездесіп, жәбірленушінің немересі қызға сыйлық сатып алу жоспарын досымен бөліскенін және және бұған досы да келісе кеткенін жеткізді.

Ауылға жеткен жігіттер күдіктінің атасы мен әжесі тұратын үйге қарай бет алады. Немересі әжесінің сол уақытта жұмысқа кететінін алдын ала білген. Әйелдің жұмысқа кеткенін күткен немересі үйге терезе арқылы еніп, досының сыртта қалуын өтінеді. Үйге кірген ол ақша іздей бастайды, алайда атасы бөлмеге кіріп, шкафқа тығылып үлгереді. Кенет атасы біреудің жүргенін байқап, сөйлей бастайды. Осы кезде немересі досына телефон арқылы ішке кіруін сұрайды. Жүгіріп сыртқа шыққан атасының басына сүлгіні лақтырады, жерге жығып құлатып, қалтасындағы ақшаны алып, оқиға орнынан бой тасалайды.

Оларды ұстау кезінде бірінің, яғни 18 жастағы күдіктінің қалтасынан тапанша және жиналмалы пышақ, ал 17 жастағы немересінен ұрланған ақша табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдіктілер Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-20
Утром17.41 ℃
Днем26.39 ℃
Вечером24.16 ℃
Ночью22.33 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра7.39 м/с
2026-07-21
Утром18.82 ℃
Днем28.64 ℃
Вечером29.37 ℃
Ночью22.86 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра6.53 м/с