Оралдық полицейлер өзгенің көлігін заңсыз иемденген азаматты “ізін суытпай” қолға түсірді

Жәңгір хан көшесіндегі үйлердің ауласына қойылған ВАЗ-2112 автокөлігін белгісіз біреу айдап әкеткен.

Оралдық полицейлер өзгенің көлігін заңсыз иемденген азаматты “ізін суытпай” қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қараша күні сағат 10:30 кезінде Шаған ПБ кезекші бөліміне 43 жастағы Шаған ауылының тұрғыны хабарласып, Жәңгір хан көшесіндегі үйлердің ауласына қойылған ВАЗ-2112 автокөлігін белгісіз біреудің айдап әкеткені туралы хабарлама келіп түседі.

Ақпарат келіп түскен бойында тосқауыл жоспары жарияланды. Орал қаласы ПБ жедел-басқару орталығындағы камералардың көмегімен автокөліктің қозғалу бағыты анықталды. Полиция қызметкерлерінің жедел іс-әрекеттері нәтижесінде оқиға ізін суытпай Орал қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен облыс орталығы аумағынан автокөлік анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта көлік иесіне қайтарылды. Ұсталған 19 жастағы азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігіне (Автокөлікті айдап әкету) сәйкес тергеу жұмыстары басталды. Айта кету керек, жыл басынан Орал қаласы ПБ жедел басқару орталығындағы бейне бақылау камераларының көмегімен 137 қылмыстық іс, оның ішінде 7 ұрлық, 20 тонау, 17 автокөлікті ұрлау, 20 бұзақылық және 73 өзге де қылмыстар ашылды.

Еске салар болсақ, қарашаның 20 мен 30 күндері аралығында облыс аумағында республикалық “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, осыған байланысты полиция қызметкерлері күшейтілген бағытта қызмет атқарып жатыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-20
Утром17.41 ℃
Днем26.39 ℃
Вечером24.16 ℃
Ночью22.33 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра7.39 м/с
2026-07-21
Утром18.82 ℃
Днем28.64 ℃
Вечером29.37 ℃
Ночью22.86 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра6.53 м/с