Электр көліктерін, сиыр етін бажсыз әкелу: ЕАЭО елдері қандай келісімге келді

Бірқатар терминдер түзетілді, ветеринарлық сертификаттардың нысандары, ветеринарлық, дәрілік, диагностикалық, дезинфекциялық және басқа да өнімдерді, сондай-ақ жемшөп қоспаларын әкелу және тасымалдау шарттары анықталды.

Фото: ашық дереккөз

ЕЭК Кеңесінің кезекті отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өкілдері интеграциялық кедергілерді жойып, сауда-экономикалық қатынастарды жеңілдететін бірқатар шешімдер қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.

Қазақстан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алулары аясында сатып алынатын тауарлардың тізбесін біртіндеп кеңейтіп жатқанын атап өткен жөн. Тағы бір зат қосылды — киім мен аксессуарлар, соның ішінде кәдімгі қолғаптар мен резеңке қолғаптар.

Биылғы жылы отандық бизнесмендерге ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің 63 тауар түрі бойынша мемлекеттік сатып алуларына қолжетімділік қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, өндірістік және технологиялық операцияларды жүргізу үшін біркелкі жағдайлар қарастырылмаған 276 өнім атауына СТ-1 сертификатын пайдалану мүмкіндігі бір жылға ұзартылды.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кедендік шекарасы мен аумақтарында ветеринарлық бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібіне де өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, бірқатар терминдер түзетілді, ветеринарлық сертификаттардың нысандары, ветеринарлық, дәрілік, диагностикалық, дезинфекциялық және басқа да өнімдерді, сондай-ақ жемшөп қоспаларын әкелу және тасымалдау шарттары анықталды.

Ветеринарлық бақылау кезінде зертханалық зерттеулерді ұйымдастыруға қатысты стандарттар да толықтырылды.

ЕЭК Кеңесі 2024 жылға арналған ЕАЭО елдеріне сиыр етін бажсыз әкелуге квоталар бекітті. Қазақстанның бұл ет түрін өндіруі ішкі қажеттіліктерді толықтай дерлік өтейтінін ескерсек, біздің ел үшін квота көлемі ең аз – 5 мың тонна болып белгіленді.

Ресей үшін – 100 мың тоннаға дейін, Армения – 8,5 мың тоннаға дейін, Беларусь – 7,5 мың тоннаға дейін, Қырғызстан – 3,5 мың тоннаға дейін. Импорттық сиыр етінің қосымша көлемі өңдеуге жіберіледі. Бұл шара еліміздегі шұжық және басқа да ет өнімдер құнын арзандатады деп күтілуде.

Сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге электромобильдерді бажсыз әкелу екі жылға (2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін) ұзартылды. Бұл электромобиль нарығын одан әрі дамытуға, қуаттау инфрақұрылымын дамытуға және ірі қалалардағы экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-18
Утром17.48 ℃
Днем29.44 ℃
Вечером30.65 ℃
Ночью23.33 ℃
Влажность23 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.66 м/с
2026-05-19
Утром19.58 ℃
Днем27.06 ℃
Вечером25.64 ℃
Ночью21.31 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра9.54 м/с