2024 жылдан бастап газбен жүретін көліктерге арнайы белгі орнату міндеттеледі

Келесі жылдан бастап Қазақстанда газ баллон жабдығы бар автомобильдердің иелері машиналарға арнайы белгі қоюы тиіс, деп хабарлады Техникалық реттеу және метрология комитеті. Өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, 2024 жылы 1 қаңтардан бастап газбен жүретін көлік иелері арнайы белгі жапсыруы тиіс. Министрлік жаңа белгі газбен жүретін көліктерді жабық тұрақта тиімді бақылауға және тыйым салуға мүмкіндік береді дейді. Ведомство мұндай шешім азаматтардың қауіпсіздігіне де әсер етеді деп есептейді.

Қазақстанда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттарды жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.

«Сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының бұйрығымен СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» ұлттық стандартына толықтырулар енгізілді. Қолдану ережелерін KazStandard әзірлеген. Өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Бұл стандартты орындау міндетті, өйткені ол ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітілген жол қозғалысы ережелерінде сілтеме ретінде көрсетілген», – деп хабарлады KazStandard баспасөз қызметі.

Өз кезегінде техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев жаңа талаптың неліктен енгізіліп жатқанын түсіндірді.

«Газға көшіру барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізілмейді. Өкініштісі, мұндай көліктер азаматтар үшін қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан газға ауыстырылған көліктердің жабық тұрақтарға кіруіне тыйым салынады. Мұндай көліктердің кіруіне тыйым салу үшін арнайы белгі енгізілген», – деді ол.

Қазақстанда автогазға сұраныс көп. Бензинмен салыстырғанда арзан әрі тиімді болғандықтан автокөліктеріне газ құрылғысын орнатып алатындар да бар.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-11-03
Утром-0.35 ℃
Днем3.96 ℃
Вечером1.56 ℃
Ночью-0.36 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра8.12 м/с
2024-11-04
Утром-1.92 ℃
Днем1.87 ℃
Вечером0.24 ℃
Ночью-0.31 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра6.61 м/с