Қазақстанда ақылы жолдар неге көбейетінін көлік министрі түсіндірді

Марат Қарабаев Қазақстан аумағы арқылы шетел көліктері көп өтетінін хабарлады.

Көлік министрі Марат Қарабаев үкімет отырысынан кейінгі брифингіде Қазақстан ақылы жолдар санын көбейту туралы шешімді неліктен қабылдағанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марат Қарабаев Қазақстан аумағы арқылы шетел көліктері көп өтетінін хабарлады.

«Олар Қазақстанның жолдарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуі керек. Отандық автотасымалдаушыларға келсек, егер адам ақылы жолдың жақын аймағында тұрса, көлік нөмірі жалпы мәліметтер базасына енгізіледі. Ай сайынғы төлем небәрі 1000 теңге болады. Ал үлкен жүк көліктерінде абонент төлем жүйесі бар», – деп түсіндірді министр

Қазақстандағы жолдардың жалпы ұзындығы – 96 мың шақырым. Бұл республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары. Оның 3,2 мың шақырымы ғана ақылы жолдар.

«Ақылы жүйе бірінші кезекте транзит жолдарға енгізіліп жатыр. Біздің жолдар жақсы болғанын қалаймыз. Оларды күтіп ұстау үшін қаражат керек. Оны республикалық бюджеттен, азаматтардың қалтасынан емес, сол көліктерден аламыз. Жолды пайдаланғаны үшін ақы аламыз. Неге балама жолы жоқ? Өйткені мұндай жолдарды салуға екі есе көп қаржы керек. Егер балама жолдар қарастырсақ, бұл бюджетке орасан зор салмақ болады. Бюджет салық төлеушілердің есебінен қалыптасады. Сондықтан бюджетке түсетін жүктемені азайтуға бағытталған», – деді Көлік министрі.

28 қарашада ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев елдегі ақылы автомобиль жолдары желісін кеңейту жоспары туралы айтты.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-09
Утром17.16 ℃
Днем26.46 ℃
Вечером26.47 ℃
Ночью21.08 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.39 м/с
2024-09-10
Утром17.79 ℃
Днем27.37 ℃
Вечером26.6 ℃
Ночью22.25 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.84 м/с