БҚО-да мыңнан астам мүгедек жалпы сомасы 8,2 млн теңгеге түрлі мемлекеттік баждарды негізсіз төлеген
Мүгедектер салық аударымдарын төлеу барысында (азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде, жер қатынастары және өзге де мемлекеттік баждар мәселелерінде) жемқорлық тәуекелдері анықталды.
БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша 8,2 млн теңге сомасына негізсіз төленген салық төлемдері мен мемлекеттік баждарды қайтару жөнінде шаралар қабылдау жолымен мыңнан астам мүгедектердің құқықтарын қорғады.
Талдау аясында мүгедектер салық аударымдарын төлеу барысында (азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде, жер қатынастары және өзге де мемлекеттік баждар мәселелерінде) жемқорлық тәуекелдері анықталды.
Мемлекеттік органдармен (ұйымдармен) халыққа қызмет көрсету және құқықтық көмек көрсету кезінде, лауазымды тұлғалармен қолданыстағы салық заңнамасында көзделген азаматтардың көрсетілген санатына әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру ұйымдастырылмаған.
Нәтижесінде мыңнан астам мүгедек жалпы сомасы 8,2 млн теңгеге түрлі мемлекеттік баждарды негізсіз төлеген.
Департамент араласқаннан кейін ғана мемлекеттік кірістер органдары азаматтарға ақшалай қаражатты қайтару бойынша шаралар қабылдады.