БҚО полицейлері ауыл тұрғынына жоғалған 700 қойын тауып берді

Осы жылдың қараша айының 21-нен 22-не қараған түні БҚО, Казталов ауданы, Бірік ауылдық округіне қарасты Лекер қыстағының тұрғынына тиесілі 700 бас қой малы қараусыз қалып, белгісіз жағдайда жоғалып кеткен.

Аталған факті бойынша Казталов ауданының полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Нұрсұлтан Серік өзінің бастауымен жедел-іздестіру шарасын ұйымдастырып, жоғалған қой малын іздеп табу үшін, қойдың иесімен бірге іздесуге шығады.

Жоғарыда аталған, белгісіз жағдайда жоғалып кеткен 700 (жеті жүз) бас қойды полиция қызметкерінің қырағылығының арқасында осы жылдың 22 қараша күні сағат 16:05 шамасында дала жайылысынан анықтап, тауып, түгелдей қойдың иесіне айдап әкеліп берді.

Жоғалған қойдың иесі өзінің мұндай жағдайға тап болып, полиция қызметкерлерінен қол ұшын сұрап, олардың дер кезінде қойының іздеп табылуына жәрдемдескен сақшыға алғысын білдірді. Айта кету керек, осы жылдың 27-29 қараша аралығында Батыс Қазақстан облысының аумағында мал ұрлығына қатысы бар адамдарды анықтауға, оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы өтті.

Аталған іс шара барысында 2 факті тіркелді, оның екеуі де ашылды, сондай-ақ, бұрын жасалған 2 қылмыс ашылды. Осыған сәйкес Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына қырағы болуға және малды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда дереу полицияға «102» телефоны бойынша хабарласыңыз. Бұл қылмысты «ізін суытпай» ашуға және күдікті адамдарды жедел ұстауға көмектеседі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-18
Утром17.59 ℃
Днем28.78 ℃
Вечером28.06 ℃
Ночью22.37 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра9.36 м/с
2026-05-19
Утром19.17 ℃
Днем28.06 ℃
Вечером26.76 ℃
Ночью21.19 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра10.17 м/с