Елде бес дәріге тыйым салынуы мүмкін

Елде бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.

Көрнекі сурет

Бұл туралы Ішкі істер министрінің тиісті қаулысы «Ашық заңды тұлғалар» порталында жарияланды.

Салыстырмалы кестеде көрсетілгендей, олар есірткі және психотроптық заттардың тізімін медициналық мақсатта қолдануға тыйым салынған бірнеше дәрі-дәрмекпен толықтырғысы келеді: пара-фтор фентанил (пара-фторфентанил), брофин, метонитазин.

Фентанил – синтетикалық, күшті анальгетик. Ол көбінесе анестезиологияда, фельдшерлік және апаттар медицинасында қолданылады. Препаратқа тәуелділік және тіпті физикалық тәуелділік пайда болады.

Брорфин халық арасында «күлгін героин» деген атпен белгілі. Бұл пиперидин негізіндегі опиоидты анальгетик. Көп қолданған кезде ол да тәуелділік тудырады.

Метонитазен күшті синтетикалық опиоид. Героин мен фентанилге ұқсас әсер етеді.

Бірнеше психотроптық заттарға да тыйым салынуы мүмкін: 3-метоксифенциклидин және эутилон.

Фенциклидин – көктамырішілік анестезияға арналған синтетикалық фармакологиялық препарат. Ол 1950 жылдан бері медициналық мақсатта қолданылып келеді, бірақ кейін оны клиникалық тәжірибеде қолдану көп ұзамай тоқтатылды. Көптеген елде ол есірткі заты – синтетикалық галлюциноген ретінде танылды.

Эутилон синтетикалық психостимулятор. Биыл қыркүйек айында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) оны ЕАЭО елдеріне әкелу және пайдалану үшін бақыланатын заттар тізіміне енгізді.

Тыйым салынған дәрілерден бөлек, Қазақстан аумағында медициналық мақсатта қолданылатын және бақылауға жататын заттардың атаулары көрсетілген тізімді кеңейтпек. Олардың ішінде: клоназолам, диклазепам, флубромазолам. Сондай-ақ олар 4-метилпропиофенонды бақылаудағы прекурсорлар (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз өндіруде жиі қолданылатын химиялық және өсімдік заттары) тізіміне қосқысы келеді.

Ішкі істер министрлігінің қаулысы 7 желтоқсанға дейін талқыланады. Құжат туралы толық ақпаратты мына жерден табуға болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-16
Утром16.88 ℃
Днем24.72 ℃
Вечером24.01 ℃
Ночью20.04 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра9.07 м/с
2024-09-17
Утром10.4 ℃
Днем20.3 ℃
Вечером19.35 ℃
Ночью12.84 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра6.74 м/с