Оралда көлік қаққан ер адам қаза тапты

Апат 28 қарашада сағат 8: 00 шамасында болды. Төртінші шағын ауданындағы Желаево тас жолында ер адамды көлік қағып кеткен.

Фото: ашық дереккөз

Болжам бойынша, қайтыс болған адам шамамен 60 жаста, ол жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Осы сәтте өтіп бара жатқан Toyota жүргізушісі жаяу жүргіншіні байқамай, оны қағып өткен. Екпінмен лақтырылған ер адам жолдың қарама-қарсы жағындағы ГАЗель көлігінің астына түскен.

Toyota жүргізушісінің айтуынша, сыртта қараңғы болды.

– Қараңғылық кезінде, ол қара киімде болды. Мен оны көрмедім, бампермен бе, айнамен бе, іліп кеттім. Ол көпірге қарай жүріп келе жатқан ГАЗель дөңгелегінің астына түсті. Ол 60 жас шамасында», – дейді шетелдік көліктің жүргізушісі.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жаяу жүргінші оқиға орнында жедел жәрдем келгенге дейін қаза тапқан. Оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлер адам өлімін тіркеді.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-26
Утром12.44 ℃
Днем20.67 ℃
Вечером19.15 ℃
Ночью15.56 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра3.62 м/с
2025-04-27
Утром13.48 ℃
Днем17.19 ℃
Вечером8.63 ℃
Ночью7.11 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра7.76 м/с