Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы жинағын делдал арқылы ала ала ма

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) салымшыларға кейінгі кезде алаяқтардың жалған ақпарат жіберу фактілері жиілеп кеткенін ескертті.

Фото: ашық дереккөз

Атап айтқанда, қазақстандықтарға әлеуметтік желілерде және онлайн-жарнама платформаларында «зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияларға немесе сақтандыру ұйымдарына одан әрі белгілі бір ақыға қолма-қол ақшаға аудару жолымен алу үшін делдалдық қызмет көрсету бойынша ұсыныстар жіберіліп жатқаны» айтылды.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Жеке басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруындағы немесе өмірді сақтандыру компанияларында зейнетақы аннуитеті шарты бойынша орналастырылған зейнетақы жинағын кез келген делдал арқылы алуы мүмкін емес. Салымшы өзінің зейнетақы жинағын БЖЗҚ-дан жеткіліктіліктің ең төменгі шегінен асқанда заңда көзделген мақсаттарда алуына ғана рұқсат етіледі: тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу», – делінген «БЖЗҚ» АҚ хабарламасында.

Қор адамдар алаяқтар ұсынатын схемаларға алданса, «ақшаны жоғалтып алу» қаупіне ғана емес, сонымен бірге «болашақта басқа да алаяқтық әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін жеке деректерінің қауіпсіздігіне де ұшырайды».

«БЖЗҚ» АҚ өз инвесторларына таралып жатқан мұндай «жалған» хабарламаларға мән бермеуді және ресми ақпарат көздерінен ақпарат алуды қатаң түрде ұсынады», деп хабарлайды «БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметі.

Қазақстандықтар БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтан да зейнетақы жинақтарын алу және аудару бойынша барлық сұраққа жауап ала алады және ақпаратты тексере алады:

  • enpf.kz сайты, BZZK/ENPF мобильді қосымшасы арқылы,
  • көп арналы тегін байланыс арқылы байланыс орталығының «1418» нөміріне қоңырау шалу арқылы, сонымен қатар WhatsApp арқылы +7 (777) 000-14-18,
  • БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

fourteen − 5 =

x
2024-03-02
Утром-13.54 ℃
Днем-4.55 ℃
Вечером-7.66 ℃
Ночью-12.17 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра2.88 м/с
2024-03-03
Утром-14.08 ℃
Днем-6.32 ℃
Вечером-8.87 ℃
Ночью-14.3 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра3.25 м/с