«Доғару керек»: Ғани Бейсембаев мектеп директорларына ескерту жасады

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, оған мұғалімдерден қайта-қайта түсініксіз есептерді жинауға, құжат айналымының ұлғаюына қатысты арыз-шағымдар келіп түсіп жатыр.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев аппарат отырысында мектеп директорларына, білім басқармасының, бөлімінің басшыларына ескерту жасады. Министрдің айтуынша, мұғалімдерді қудалауды тоқтату қажет. Бұл туралы ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасы хабарлады.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, оған мұғалімдерден қайта-қайта түсініксіз есептерді жинауға, құжат айналымының ұлғаюына қатысты арыз-шағымдар келіп түсіп жатыр.

«Ұйым басшылары, білім бөлімдері мен білім басқармалары өз бетінше шешім қабылдауды тоқтатуы қажет! «Педагог мәртебесі туралы» заң талаптарын сақтау керек. Тағы да айта кетейін, әрбір осындай шағым үшін мектеп директорлары, білім басқармалары мен бөлімдерінің басшылары жауапты болады», – деді министр.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, ұстаздардың сапалы білім, саналы тәрбие беруіне барынша жағдай жасалу керек.

«Ұжымдағы микроклиматқа өте мұқият болу керек. Талап болады. Талаптың барлығы заң шеңберінде койылуы керек. Әрбір мұғалім өзінің алдындағы балаға сапалы білім беруге ұмтылуға тиіс. Артық, заң шеңберінен тыс қудалаулар немес басқа да дүниелерді жасуды доғару керек», – дейді Ғани Бейсембаев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-13
Утром21.07 ℃
Днем29.52 ℃
Вечером28.7 ℃
Ночью25.47 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.85 м/с
2025-07-14
Утром20.83 ℃
Днем27.46 ℃
Вечером26.95 ℃
Ночью20.34 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра5.47 м/с