Марат Жыланбаев жеті жылға сотталды

Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін Марат Жыланбаевты босатып, оған тағылған айыптарды алып тастауға шақырған болатын.

Коллаж Ulysmedia

«Алға, Қазақстан» бастамашыл тобының жетекшісі, марафоншы Марат Жыланбаевқа үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін Астанада «Алға, Қазақстан» бастамашыл тобының жетекшісі, марафоншы Марат Жыланбаевтың ісі бойынша үкім шықты. Ол 7 жылға сотталды.

Белсендіге “тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты” және “терроризмді қаржыландырды” деген айыптар тағылған.

Еске салсақ, кеше Марат Жыланбаевтың адвокаты Мейіржан Досқараев үкім ертеңге қалғанын мәлім еткен еді. Сондай-ақ адвокат соттан шыққаннан кейін Жыланбаевтың соңғы сөзінде 3 сағатқа жуық сөйлегенін айтты.

– Марат Төлегенұлы соңғы сөзін жақсы сөйледі. Өте дұрыс, орынды сөйледі. Дәлелдерін айтты. Ешқандай кінәсі жоқ екенін, саяси қудалауға түскенін айтты. 2016 жылдан бері митингтерге қатысқанын, содан бері саяси қудалауға түскенін ашып айтты. Үш сағаттай сөйледі. Үкімді жариялаған кезде сіздерді (журналистерді) кіргізуі тиіс. Уақытын айтқан жоқ. Ертең қосымша айтамыз деді, – деді соттан шыққан адвокат.

Бұған дейін іс бойынша прокурор Марат Жыланбаевты 10 жылға соттауды сұраған еді.

Марат Жыланбаев жабық сотқа қарсы 1 қарашада аштық жариялаған. Алайда адвокаты денсаулығының нашарлауына байланысты Жыланбаев аштықты тоқтатқанын мәлім етті.

Фото: ашық дереккөз

Марат Жыланбаевтың соты 30 қазанда басталған. Сот «белгісіз екі куәгердің өтінішіне сүйеніп», сот процесін жабық еткен. Судьяның бұл шешіміне жақтастары мен құқық қорғаушылар наразы. Қарашаның басында Марат Жыланбаев ашық сотты талап етіп, аузын тігіп тастаған еді. Кейін қылмыстық атқару жүйесі департаменті «профилактикалық әңгіме жүргізілгеннен кейін сотталушы Марат Жыланбаев тігісін алып тастады» деп хабарланған.

Жыланбаевқа «тыйым салынған ұйымның ісіне араласу» және «экстремистік ұйымды қаржыландыру» бабы бойынша айып тағылып отыр. Жақтастары билік белсендіні саяси себеппен қудалап отыр деп санайды. Тергеу органдары белсендіні қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әблязов құрған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысына қатысы бар деп болжайды.

Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін Марат Жыланбаевты босатып, оған тағылған айыптарды алып тастауға шақырған болатын.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Оппозиционер Марат Жыланбаев 7 күн бойы нәр татпаған

Марафоншы Жыланбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа қарсы сот ісін жеңіп алды

Алматыда полиция наразылыққа жиналғандарды ұстады. Астанада күзет күшейді

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-04
Утром-3.67 ℃
Днем-0.31 ℃
Вечером-2.29 ℃
Ночью-2.59 ℃
Влажность72 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра3.19 м/с
2024-12-05
Утром-4.36 ℃
Днем-0.8 ℃
Вечером-3.02 ℃
Ночью-2.82 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра4.83 м/с