Қазақстанда жұмыртқа мен құс етінің бағасы тағы 20% қымбаттайды

Құс фабрикалары мемлекеттен берілетін субсидияны екі жылға жуық ала алмай жүр.

Фото: ашық дереккөз

Кәсіпкерлер жем-азық, жанар-жағармай мен қажетті құрал-жабдықтар қымбаттап жатқанын айтты.

Петропавлда құс өнімдерінің құны ай сайын шарықтап барады. Тұрғындар жаз мезгілінде 300 теңгеден аспайтын 10 дана жұмыртқаны қазір 600 теңгеден сатып алып жатқанын айтты.

«Бәрі қымбат. Бүгін келесің – басқа баға, ертеңінде ол баға тағы өсіп кетеді», – деді Петропавл қаласының тұрғыны Александр Иванов.

Саудагерлер де жұмыртқа мен құс етінің бағасы өскенін айтуда. Мәселен, бұрын құс етінің бір келісі 1000 теңгеден аспаса, қазір 1300-1500 теңгеден сатылып жатыр. Айтуларынша, құс фабрикалары бағаны өсіріп жіберген.

«Бізге құс етінің бағасы 1300 теңгеден келеді. Үстіне 100 теңге ғана қосып сатамыз. Одан өсірсек, халықтың қалтасы көтермейді. Саудамыз қайнап, шекеміз шылқып тұрғаны шамалы», – деді сатушы Алла Вишнева.

Ал құс фабрикалары жұмыртқаның бағасы өсетінін, себебі мемлекеттен берілетін субсидия бір жылдан бері төленбей келе жатқанын айтты. Соның салдарынан көп құс фабрикалары жабылу алдында тұр.

«Табысымыздың 70%-ын жем-азық алуға жұмсаймыз. Субсидия алмағандықтан, шығындарымызды қысқартуымыз керек. Ол үшін құстарды сойып сатып, өндіріс көлемін азайтамыз. Сосын жұмыс орындарын азайтамыз. Бағаны да өсіреміз. Елімізде 58 құс фабрикасы бар. Олар елімізді жұмыртқамен 100%, құс етімен 70% қамтып отыр», – деді құс фабрикасының директоры Александр Прядко.

Ауыл шаруашылығы министрлігі құс фабрикаларын субсидиялау тәртібі өзгергенін мәлімдеді. Енді өндіріс көлемін ұлғайтатын кәсіпкерлер ғана мемлекеттен қаржылық қолдау ала алады.

«Биыл 9 айдың ішінде құс фабрикалары 3,7 миллиард дана жұмыртқа шығарды. Бұл ішкі нарыққа жетеді. Қазір инвестициялық шығындарды өтейтін инвест субсидия беріледі. Бұл өндірісті кеңейтуді көздейтіндерге төленеді», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент сарапшысы Фариза Күнзақова.

Дереккөз: Informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-09
Утром14.93 ℃
Днем26.46 ℃
Вечером26.47 ℃
Ночью21.08 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.39 м/с
2024-09-10
Утром17.79 ℃
Днем27.37 ℃
Вечером26.6 ℃
Ночью22.25 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.84 м/с