БҚО-да шекарадан заңсыз өтпек болған шетел азаматтары ұсталды

БҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік департаментінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Шекара қызметімен бірлесіп, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 21 жастағы жігітті ұстады.

Фото: Polisia.kz

Ресей Федерациясына Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы заңсыз жаяу өтпекші болған азаматты ұстау кезінде оның жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған.

Жауап алу кезінде ол 2022 жылы Мысыр еліне Сьерра-Леоне Республикасынан босқын ретінде келгенін айтты. Босқын визасының мерзімі өткеннен кейін ол Мысыр шекарасын заңсыз кесіп өтіп, одан кейін Түркия елінде заңсыз қалған.

Сондай-ақ ол Армения, Түркіменстан, Өзбекстан шекарасынан заңсыз өтіп, Қазақстан Республикасының аумағына жеткен. Ол Шымкент, Алматы қалаларында болған, 23 қарашада Оралда тұрғын үй табуға, жұмыс істеуге көмектесемін деген досымен бірге автобуспен Ақтөбеге келеді, осы қызметі үшін оған 2 мың доллар төлеген.

Алайда кейін ол өзінің алданғанын түсінді. Қазіргі уақытта ұсталған азамат Орал қалалық ПБ-ның қабылдап-тарату орнына орналастырылды.

Фото: Polisia.kз

Аталған факті бойынша материал жинақталып, шешім қабылдау үшін Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Сонымен қатар БҚО ПД көші-қон заңнамасының қызметкерлері БҚО бойынша ҚР ҰҚКД Шекара қызметімен бірлесіп мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде Йемен Республикасының азаматын және Сирия елінің азаматын анықтап, ұстады.

Олар мемлекеттік шекара режимін бұза отырып, өткізу пунктін айналып өтіп, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпекші болған.

Аталған факті негізінде барлық шетел азаматтары ҚР ӘҚБтК-нің 514-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаркершілікке тартылды және БҚО Бөрлі аудандық сотының шешімімен ұсталған азаматтарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасы қолданылды.

Қазіргі уақытта шетелдіктер ҚР шегінен шығарылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-15
Утром14.75 ℃
Днем21.2 ℃
Вечером19.57 ℃
Ночью16.17 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра6.15 м/с
2024-09-16
Утром15.85 ℃
Днем24.73 ℃
Вечером23.19 ℃
Ночью19.21 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра8.2 м/с