Қазақстанға қандай мамандар жиі келіп жатыр?

Биыл қаңтар–қыркүйекте Қазақстанға 19,1 мың адам келді, бұл 2022 жылғы қаңтар–қыркүйекпен салыстырғанда бірден 74% көп.

Фото: Sputnik

Биыл қаңтар мен қыркүйек аралығында Қазақстанға 19,1 мың адам келді. Бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 74 пайызға көп, — деп хабарлайды Ranking.kz.

Сонымен қатар, 12,7 мың адам елден кетті, бұл былтырмен салыстырғанда 37,4 пайызға аз.

Өңірлер арасында Алматыға адам көп келген: 4,5 мың адам, жылдық өсім 2,2 есе. Сондай-ақ, Маңғыстау облысы (2,9 мың адам, өсім 21,7 пайыз) мен Астана (1,6 мың адам, жылдық өсім 2,1 есе) адам көп келген өңірлерге айналды. Ал жыл басынан бері небәрі 19 адам Қызылорда облысына келген.

Қостанай облысынан адам көп кеткен, яғни 1,8 мың адам. Былтырмен салыстырғанда 25,8 пайызға аз. Одан кейін Қарағанды (1,5 мың адам) және Павлодар (1,2 мың адам) облыстары тұр. Қызылорда облысынан небәрі 55 адам кетіпті.

15 жастан асқан еңбекке қабілетті халық арасында техникалық мамандықтағы 2,8 мың адам, экономикалық мамандықтағы 1,5 мың адам, педагогикалық мамандықтағы 750 адам, медициналық мамандықтағы 446 адам, заңгер мамандығы бойынша 421 адам, сәулет-құрылыс мамандығы бойынша 296 адам, ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша 133 адам келді.

Сонымен қатар, елден техникалық мамандығы бар 1,8 мың адам, экономикалық мамандықтағы 871 адам, педагогикалық мамандықтағы 638 адам, медициналық мамандықтағы 339 адам, заң мамандығы бойынша 199 адам, сәулет-құрылыс мамандығы бойынша 123 адам, ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша 125 адам кетті.

Елге келгендердің жартысына жуығы (48,9 пайызы) — Ресейден көшіп келгендер: яғни 9,4 мың адам, былтырға қарағанда 3,2 есе көп. Екінші, үшінші орындарда Өзбекстан мен Түрікменстаннан келгендер тұр. Қырғызстан мен Қытай да топ-5 елге кірді.

Қазақстаннан да адамдар көбіне Ресейге кетті: 9,4 мың адам, былтырға қарағанда 43,4 пайызға аз. Танымал бағыттардың қатарында Германия, АҚШ, Польша және Беларусь бар.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-18
Утром17.48 ℃
Днем29.44 ℃
Вечером30.65 ℃
Ночью23.33 ℃
Влажность23 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.66 м/с
2026-05-19
Утром19.58 ℃
Днем27.06 ℃
Вечером25.64 ℃
Ночью21.31 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра9.54 м/с