«Жылу жоқ»: Оралда көпқабатты үйдің тұрғындары шағымданды

Зачаган кентіндегі Мұрат Мөңкеұлы көшесі 83/2-мекенжайда тұратын тұрғындар 30 қараша күні кешкісін көшеге шығып, Шаған полиция бөлімі бастығының атына шағым жазды.

Олардың сөзіне қарағанда, 156 пәтерлік үйде жылудың болмағанына төртінші күн. Пәтерлер салқын болғандықтан, балалар ауыра бастаған. Осы үйге қызмет көрсететін «Казбатыссервис» ПИК пен «Жайықжылуқуат» АҚ қимылсыз отыр.

Аталған үйде тұратын Ардақ Мұратқызының айтуынша, қазандық негізі 3 үйге арналған. Ал қазір 11 үйге жылу беріп тұр. Өзінің қуаттылығынан 3-4 есе артық жүктеме түсіп тұр. Сондықтан да күші жетпейді.

«Түнде жылуды айырып тастаған кранды ашқызып, өзіміз қостырып алдық. Бірақ уақытша. Бүгін таңертең әкімдіктен, «Жайықжылуқуаттан», ПИК-тен бәрінен мамандар келіп, сорғыны ауыстырмақшы», — деді А.Мұратқызы.

Зачаган кенті округі әкімдігі мұның жылда болатын мәселе, кілтипан жертөледегі сорғыда екенін жеткізді. Жылу ішінара пәтерлерде қанжылым болған.

«Қазіргі кезде жылуды қызмет көрсетуші компания мен «Жайықжылуқуат» өкілдері бақылауда ұстап отыр», — деп хабарлады ведомстводан.

Дереккөз: Kazinform

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-18
Утром17.48 ℃
Днем29.44 ℃
Вечером30.65 ℃
Ночью23.33 ℃
Влажность23 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.66 м/с
2026-05-19
Утром19.58 ℃
Днем27.06 ℃
Вечером25.64 ℃
Ночью21.31 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра9.54 м/с