InDriver-дің негізін қалаушы Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алды

Ол біздің елге талантты мамандар тартып, жаңа технологиялар мен идеялар алып келді, – деді Бағдат Мусин.

Фото: InDriver

InDriver такси қызметінің негізін қалаушы, саха кәсіпкері Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алды. атанды. Бұл туралы ол өзі Alternativa кино байқауында айтты. Ал цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Instagram-дағы парақшасында Томскийдің сөйлеген сөзінен үзінді жариялады.

Әлемдегі ірі инвестордың бірі Қазақстан азаматы атанды. Арсен өзі ғана келіп қоймай, біздің елге талантты мамандар тартып, жаңа технологиялар мен идеялар алып келді, – деді ол.

Былтыр Ресейден мобилизацияға байланысты елімізге көп адам келді. Олардың көбі Қазақстан арқылы басқа елдерге барса, елімізде қалғандар азаматтық алды. Жалпы, өткен жылы 22 мыңнан астам адам Қазақстан азаматы атанды. ІІМ-нің хабарлауынша, жыл сайын 20 мыңға жуық шетелдік ел азаматтығын алу мәселесі бойынша өтініш береді.

Тәуелсіздік жылдары бір миллионнан астам адам Қазақстан азаматтығын алды. Ал былтыр – 22 мың адам, оның ішінде Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен – 1375, жеңілдетілген тәртіппен – 20 мыңнан астам адам азамат атанды. Оның ішінде 17,5 мыңнан астамы қандас (17 676), Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей арасындағы азаматтыққа қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі туралы келісім бойынша – 1287 адам, тұрмысқа шыққан әйелдің азаматтығы туралы Конвенция бойынша – 1777 адам азаматтық алды.

Ал қос азаматтығы бар адамдар заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл заң бұзуушылықты жасырған адам 200 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді немесе ол Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылады.

Мәселен, өткен жылы қос азаматтығы үшін 841 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттардың шешімдерімен 138 адам елден шығарылды. Қалғандарына айыппұл салынды. Соңғы бес жылда азаматтық туралы заңнаманы бұзған 3515 адам жауапқа тартылды. Оның 3 мыңнан астамына айыппұл салынса, 473 адам елден шығарылды. Барлығының азаматтығы жойылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-09
Утром16.89 ℃
Днем25.99 ℃
Вечером26.99 ℃
Ночью22.19 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.29 м/с
2024-09-10
Утром17.98 ℃
Днем27.63 ℃
Вечером26.61 ℃
Ночью22.19 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра5.02 м/с