Оралда 8 жер учаскесі аукционға қойылды
Аукцион 13 желтоқсанда басталады.
Орал қаласында коммерциялық нысандар салу үшін жер учаскелерін жалға алу құқығын сату бойынша аукцион өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің Instagram-аккаунтында хабарланды.
2023 жылдың 13 желтоқсан күні сағат 12.00-де (Астана уақыты) gosreestr.kz порталында коммерциялық бағыттағы объектілер құрылысы үшін жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша ағылшындық әдіспен аукцион өткізіледі.
Аукционға коммерциялық бағыттағы Орал қаласынан, Зашаған, Круглоозерное және Деркөл кенттерінен 8 жер учаскесі ұсынылады. Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабары жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын аяқталады.
Аукцион қатысуға өтініштер gosreestr.kz порталында қабылданады.