Ауылға жұмысқа баратын жастар 7 миллион теңге несие ала алады

Ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшеріне өзгерістер енгізілді. Мәселен, 2024 жылдан бастап аудан орталықтарына жұмыс істеуге келген мамандар үшін бюджеттік кредит көлемі 2 500 АЕК-ке (9,2 млн. теңге) дейін ұлғаяды немесе ауылдық елді мекендер үшін 2 000 АЕК-ке яғни 7,3 млн. теңгеге дейін өсетін болады.

Фото: ашық дереккөз

Жас мамандар «Дипломмен ауылға» жобасы аясында тұрғын үй сатып алу үшін 7 миллион теңгеден аса бюджеттік несие ала алады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері деп хабарлады.

Ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті арттыру мақсатында 2009 жылдан бастап Ұлттық экономика министрлігі «Дипломмен ауылға» жобасын іске асырып жатыр. 

Бағдарламаға келесі салалардағы мамандар қатыса алады:

Денсаулық сақтау;

Білім;

Әлеуметтік қамсыздандыру;

Мәдениет;

Спорт;

Агроөнеркәсіптік кешен;

Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері.

Әлеуметтік қолдау шаралары:

  • 100 АЕК (345 мың теңге – еск.) мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу;
  • Тұрғын үй сатып алуға жылдық кредит сомасынан 0,01 пайыз мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға 1500 АЕК-ке (5,2 миллион теңге – еск.) дейін бюджеттік кредит беру.

2009-2022 жылдар аралығында 95 мыңнан аса маман 17 миллиард теңге сомасына көтерме жәрдемақы алды, 45 мыңнан аса маман тұрғын үй сатып алу үшін 142,5 миллиард теңге сомасына бюджеттік кредиттер алынды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-09
Утром-11.94 ℃
Днем-9.01 ℃
Вечером-7.8 ℃
Ночью-9.44 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.65 м/с
2025-02-10
Утром-10.23 ℃
Днем-4.71 ℃
Вечером-7 ℃
Ночью-9.73 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1038
Скорость ветра4.48 м/с