Оралда тергеу изоляторында қамауда болған ер адам көз жұмды
Өлімнің алдын ала себебі – ми тамырларының атеросклерозы.

Орал қаласында тергеу изоляторына тоғытылған ер адам көз жұмды. Марқұмның жасы 63-те болған.
БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ер адам ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес айыпталып, қамауда ұсталып, камерада отырған.
Өлімнің алдын ала себебі – ми тамырларының атеросклерозы. Нақты себебі сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққанан кейін анықталады, деп хабарлады ведомстводан.
