WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде азаматтарды алдау жағдайлары жиілеп кетті
ІІМ соңғы уақытта WhatsApp және Telegram мессенджерлерін пайдалана отырып, азаматтарды алдау жағдайлары жиілеп кеткенін айтты. Көбінесе алаяқтар азаматтардың аккаунтына сілтеме түрінде зиянды бағдарлама хатын жібереді.
Әдетте, сілтемеде балаларға дауыс беру, сыйлықтар, ұтыс ойыны немесе әртүрлі тақырыптарға сұрақ-жауап, сауалнама және т.б. түрінде болады.
Сілтемені басқаннан кейін алаяқтар азаматтардың мессенджеріне қол жеткізе алады. Әрі қарай жәбірленушілердің шотынан қарызға ақша сұрайтын мәтін жіберіледі. Сонымен қатар мұндай хаттарды алушылар бұл нақты өтініш деп санайды.
Ақша алу үшін алаяқтар үшінші тұлғалардың шоттарын пайдаланады. Осыған байланысты ІІМ азаматтарды қырағы болуға және туыстарынан, достарынан және тағы басқа түскен болса да, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге шақырады.
Мұндай хаттарды алған кезде оларды ашпауға және жіберушімен байланысты бірден доғаруды ұсынамыз. Егер сіз сілтемені ашқан болсаңыз, тіркелген немесе байланған бөгде құрылғылардың бар-жоғын тексеру қажет.
Ол үшін WhatsAp және Telegram мессенджерлер қосымшасында БАПТАУЛАР, одан әрі – «Құрылғы байланыстыру» (Telegram – да – ҚҰРЫЛҒЫЛАР), онда параллель қосылыстар көрсетіледі.
Егер қойындыда бөгде құрылғы болса, сессиядан шығу керек. Жеке деректер мен байланыстарды қорғау үшін мұндай процедураны мүмкіндігінше жиі жүргізу ұсынылады.