Ауа райы аязды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, Батыс Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Бүгін Орал қаласында –18° градус аяз.
Аяз облыс аумағының шығыс бөлігінде қаттырақ болады (Ақсай, Теректі) – 19°… -20° градус.
Облыстың батысында (Жаңақала, Жәнібек)-15°… –11°.
Бүгін Орал қаласында күндіз ауа температурасы –16°… – 12°болады. Күн шуақты, желсіз.
Түнде аяз –19°дейін күшейеді.