Қазақстан қызылша көп тараған үш елдің қатарына енді

АҚШ-тың қауіпті ауру түрлерін алдын алумен айналысатын медициналық орталығы биылғы жылдың мамыр айы мен қазан айлары аралығында зерттеу жүргізген.

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан қызылша ауруын тыя алмай отырған елдердің тізімінде үшінші орында тұр. Бірінші орыннан Иемен, екінші орыннан Үндістан көрінді. Үшеуі де дамушы ел, деп хабарлады Хабар 24.

АҚШ-тың қауіпті ауру түрлерін бақылайтын және алдын алумен айналысатын зерттеу орталығы келтірген мәліметтер рас болса, Қазақстанда 13 мыңға жуық адам қызылша жұқтырған. Ал Иеменде 25 мыңнан астам адам дертке шалдыққан. Бұл оңтүстік Батыс Азия елінде шамамен 25 миллон адам тұрады. Ал Үндістанда 15 мың адам індет жұқтырған. Бірақ мұнда халықтың саны бізбен және Иеменмен салыстырғанда анағұрлым көп екенін ескеру керек.

Антирейтингке енген елдердердің тізіміне одан әрі зер салсақ, аутсайдерлер қатарында Эфиопия, Пәкістан, Конго Демократиялық Республикасы, Ресей, Ирак, Индонезия және Нигерия елдері бар.

Бірақ бұл зерттеу орталығы келтірген мәліметтер биылғы жылдың мамыр айы мен қазан айлары аралығын ғана қамтыған.

Бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрі індеттің таралуы күшейген кезде күніне 250, кейде тіпті 350 адам қызылша жұқтыруы мүмкін деген болжам айтқан еді.

Ал ғалымдар алдын алу шараларын қолға алмаған, сақтанбаған әрбір он адамның 9-ы міндетті түрде дертті жұқтыруы мүмкін екенін айтады.

Қазірдің өзінде ел бойынша науқастар саны 22 мыңнан асты.

Қызылша көп таралған 10 ел

1. Йемен – 25 216,

2. Үндістан – 14 927,

3. Қазақстан – 12 985,

4. Эфиопия – 11 227,

5. Пәкістан – 8 316,

6. Конго Демократиялық Республикасы – 5 989,

7. Ресей – 4 305,

8. Ирак – 4 164,

9. Индонезия – 3 827,

10. Нигерия – 3 683.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

1 × 4 =

x
2024-03-02
Утром-13.54 ℃
Днем-4.55 ℃
Вечером-7.66 ℃
Ночью-12.17 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра2.88 м/с
2024-03-03
Утром-14.08 ℃
Днем-6.32 ℃
Вечером-8.87 ℃
Ночью-14.3 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра3.25 м/с