Оралдағы мектептегі бұзақылық: Министр баланың ата–анасынан кешірім сұрап, істі өз бақылауына алды

Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев Оралдағы мектепте қатарластары буллинг жасаған жасөспірімнің ата-анасымен сөйлесті.

Фото: ашық дерекккөз

13 қараша күні Оралдағы №38 мектептің әжетханасында 9-сынып оқушысы сегізінші сынып оқушысының бетінен ұрып, үшінші жасөспірім оны видеоға түсіріп алған. Видео әлеуметтік желіде пайда болды. Видеоны көрген ата-анасы баласымен сөйлесіп, жасөспірімнің олардың тарапынан жиі буллингке ұшырайтынын анықтаған. Жасөспірімнің анасы Назгүл Дауылбаева министрге болған оқиғаның мән-жайын айтып берді.

«Ол сабақтан жиі қалатын. Іші ауырып тұрғанын айтатын. Бір күні бетінде ісік пайда болды. Оны есікке соғып алғанын айтты. Бірақ кейіннен мектепте оны үнемі соққыға жығатынын білдік. Сол кезде балам ешкімге айтпауды өтінді. Әлгі балалар оны өлтіреміз деп қорқытқан екен. Балам мұғалімдер мен мектеп басшылығының жағдайдан хабардар екенін, бірақ ештеңе істемейтінін айтты», – деді оқушының анасы.

Әйелдің айтуынша, мектеп әкімшілігі мен полицияға хабарласқан. Алайда олар өзіміз жауап береміз деп, сол күйі хабарсыз кеткен. Ата-ана мұғалімдерден де, полициядан да ешқандай шара болмаған соң қалалық білім бөліміне хабарласқан. Алайда олар бұл жағдайдан мүлдем бейхабар болып шыққан.

Желтоқсанның 7-сі күні ата-ана бұл істі желіде жария еткеннен кейін ғана мектептен телефон соғып, кездесуге келуін өтінген.

«Жиналыста мұғалімдер кешірім сұрап, мәселені өрбітпеуді өтінді. Бір ғана ұлдың ата-анасы кешірім сұрады. Сағат 21:00 шамасында біздің үйге мектептің заңгері, ата-анасы, директоры және оқу ісінің меңгерушісі келді. Олар есікті, терезені қағып, сыртқа шығып сөйлесуімізді өтінді. Қызым талма ауруымен ауырады. Ол ұйықтап жатқан соң тастап кете алмадым. Олар менің кету туралы өтінішімді елемеді. Баламыздың құқығы мен психикасы бұзылды. Шара қолдануыңызды сұраймын. Тіпті бастауыш сынып оқушылары ұлымды қазір өсек жеткізуші деп атайды», – деді баланың әкесі Жәнібек Төлепбергенов.

Министрге жасөспірімдердің егер ол шағымданса, дене жарақатын саламыз деп қорқытқан хаттары көрсетілді. Орал департаменті басшысының орынбасары Ернар Сұлтанғалиев министрге жеткіншектердің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын баяндады.

«Бұл мектепте тек бір балаға ғана емес, бірнешеуіне зорлық-зомбылық жасалып жатыр деп ойлаймын. Тергеу жүргізіп, шара қолдану керек. Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне тапсырма беремін. Әкімнің орынбасары Бақытжан Нарымбетов пен балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Назымжан Оспановаға жағдайды ерекше бақылауда ұстауды талап етемін. Мұндай жағдайлар көршілес мектептерде де болып жатқанын білдіреді. Керек болса арнайы комиссия құрылады. Бұл жерде бір ғана мақсат – балаларымызға мектеп қабырғасында қауіпсіз орта жасау. Балаларға қатарластары мен үлкендер тарапынан қысым көрсетілмеуі керек. Болып жатқан нәрсені жасырудың қажеті жоқ, одан да сорақы болуы мүмкін. Шындықты айтқандарға қысым көрсетудің қажеті жоқ», – деді Бейсембаев.

Министр полицияға мектеп басшылығының кешкі уақытта баланың отбасына келуін қаншалықты заңды екенін анықтауды тапсырды.

«Мұндай жағдайда баланың анасы өз баласын ғана емес, осы мектепте қорлануы мүмкін басқа балаларды да қорғағысы келеді. Менің ойымша, бұл батылдықты қажет етеді. Бұл жағдайда мектеп әкімшілігі қателіктер жіберді деп есептеймін. Бірақ олардың әрекетіне тиісті орган бағасын береді. Сөгіспен шектеліп қалмай, өрескел қателіктер болса, кінәлілер жауапқа тартылуы керек. Мектептегі буллингті жою керек. Бұзақылық жасаған жасөспірімдердің ата-анасы жауапқа тартылуы керек», – деді министр.

Бейсембаев агрессивті жасөспірімдерді мектеп пен полицияның есебіне алу керектігін атап өтті.

«Маған көрсеткен хабарламаларда нақты қауіптер бар. Бұл қылмыстық құқық бұзушылық. Егер ата-аналар балаларын тәрбиелеумен айналыспаса, онда оларды девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мекемелерде анықтау керек. Одан бөлек, айыппұл да бар! Мұны ата-аналарға түсіндіру керек. Балалардың басынан бірде-бір шаш түспеуі керек. Мұны әр мұғалім мен әр директор есте ұстауы керек. Кімде-кім онымен келіспесе, онда олар мектепте жұмыс істемеуі керек. баланың анасына ауыр тиді. Міндетсініп, оның алдында тек кешірім сұрау жеткіліксіз», – деп сөйледі.

Бейсембаев бұл жағдайдың жеке бақылауында болатынын айтты. Екі аптадан кейін ол баланың отбасына қоңырау шалып, істің қалай өрбігенін білуге ​​уәде берді. Керек болса, Оралға қайта келетінін айтты.

«»Мен әріптестерім үшін, мектеп директоры үшін, мұғалімдер үшін, басқарма мен білім бөлімінің басшылығы үшін кешірім сұраймын», – деді ол.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-16
Утром-2.16 ℃
Днем-5.34 ℃
Вечером-10.16 ℃
Ночью-10.61 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра10.11 м/с
2025-02-17
Утром-14.42 ℃
Днем-9.86 ℃
Вечером-12.19 ℃
Ночью-14.69 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.69 м/с