Оралдық ғалымдар киікті генетикалық тұрғыдан зерттеп жатыр

Тыңнан түрен салған ғалымдар киіктің гендік құрылымына баға беріп, гендік қорының әртүрлілігі бойынша ғылыми тұжырымдама жасамақ.

Оралдық ғалымдар киіктің генетикасын зерттеп жатыр. Бір қызығы, Қазақстанды мекендейтін ақбөкендердің үш популяциясына мұндай зерттеу бұрын-соңды жүргізілмеген. Тыңнан түрен салған ғалымдар киіктің гендік құрылымына баға беріп, гендік қорының әртүрлілігі бойынша ғылыми тұжырымдама жасамақ. Бұл үшін Бетпақ дала, Үстірт және Жайық бойындағы ақбөкендердің биологиялық үлгісі алынған. Зерттеушілердің айтуынша, киік саны көп болғанымен, қаны араласпай, өзара туыстық жақындық көбейіп кетсе, ауру-сырқау жиілеуі, тіпті жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан ветеринариялық қауіпсіздікпен қатар, бұл жануарларды гендік тұрғыдан зерттеу өте маңызды дейді. Бұл жұмыстар келер жылы аяқталады. Әзірге бөкендерді тексеретін маркердің орнына қой мен түйенің чипі қолданылып жатыр. Өйткені бұл хайуандар өзара ұқсас болып келеді екен.

Индира БЕЙШОВА, СЫНАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Киіктерге арнайы жасау үшін ДНК-маркерлерді іріктеп алу керек. Ал қазіргі таңда ондай маркерлердің дайын чипі болмағандықтан, яғни, біз жаңағы оларға ДНК-сы жағынан ұқсас малдарды алып зерттеп жатырмыз. Кейін сол жерден киіктердің маркерлері бар участоктерді іріктеп алып, ол болашақта ғылыми тұрғыда бір жаңалығы деп айтуға болады, яғни, осы киіктерге арналған арнайы чиптер жасауға болады.

Дереккөз: Аstanatv

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-22
Утром1.16 ℃
Днем4.76 ℃
Вечером8.62 ℃
Ночью5.33 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра2.85 м/с
2025-03-23
Утром1.12 ℃
Днем4.38 ℃
Вечером4.53 ℃
Ночью0.25 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра6.16 м/с