ТЖМ аяздың әсерінен де көлікте өрт тууы мүмкін екенін ескертті

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі күн күрт суыта бастағаннан-ақ көліктердің өртену жағдайы жиілейтінін ескертеді.

«Жүргізушілер, әдетте аязды күндері көлігін қыздырған кезде қауіпсіз жабдықтарды пайдалана бермейді. Күн суытқанда көліктің электр жабдықтарының жағдайына көңіл аударып, мұқият болу керек. Қосымша жабдықтарды орнатуда кәсіби мамандар қызметіне жүгінген дұрыс», делінген ведомство хабарламасында.

ҚР ТЖМ мәліметінше, жыл басынан бері елімізде көлік құралдарында 2 014 өрт тіркелді.

Көлік құралдарында өрттердің пайда болуының негізгі себептері:

  • автокөлік құралының электр жабдығын орнату және пайдалану қағидаларын бұзу;
  • газ жабдығын орнату;
  • отын және электр жүйесінің ақауы;
  • қозғалтқыштарды ашық от көздерімен жылыту болып табылады.

ТЖМ көлікте өрттің алдын алу үшін азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады:

  • суық мезгілде қозғалтқышты жылыту үшін ашық от көздерін пайдаланбаңыздар және машинада электр жабдықтарын өз бетінше жөндемеңіздер;
  • көліктің сымдары мен жанармай жүйелерін мүмкіндігінше жиі тексеріңіздер;
  • автокөлікті өз бетінше жөндеу және пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының қарапайым ережелерін сақтаңыздар;
  • егер сіздер жолда бықсыған иісті сезсеңіздер, дереу тоқтап, оттықты, мүмкін болса, аккумуляторды да өшіруіңіздер;
  • өртті бастапқы кезеңде сөндіргішпен сөндіруге тырысыңыздар;
  • өрт кезінде «101» немесе «112» телефондары арқылы хабарлаңыздар, оқиға орнының нақты мекенжайын көрсетіңіздер және өрт сөндірушілердің келуін күтіңіздер.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-10
Утром-8.38 ℃
Днем-4.14 ℃
Вечером-4.48 ℃
Ночью-5.3 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.21 м/с
2025-12-11
Утром-6.49 ℃
Днем-3.49 ℃
Вечером-4.31 ℃
Ночью-4.88 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра5.78 м/с