Зейнетақы жинағын алу: 2024 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері қанша болады

БЖЗҚ 2024 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін жариялады.

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдаланудың 2024 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шегін жариялады. Бұл туралы Зейнетақы қорының ресми сайты хабарлады.

БЗЖҚ өкілдері ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері өзгеріссіз, бұрынғы деңгейде қалғанын атап өтті.

«БЗЖҚ 2024 жылға арналған ТЖШ мөлшері 2023 жылғы ТЖШ деңгейінде қалатынын хабарлайды.

ТЖШ – бұл ай сайынғы зейнетақының мөлшерін ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес деңгейде қамтамасыз етуге қажетті зейнетақы жинақтарының (міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған) ең төменгі мөлшері.

Бұл әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, сондай-ақ болашақ зейнетақы жарналарының болжамды есептеулеріне (ең төменгі жалақы мөлшерінен) және инвестициялық табыстылыққа сүйене отырып анықталатын зейнетақы жинақтарының бағалау сомасы.

Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткіліктілік шегі – бұл салымшының зейнет жасына жеткенде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін (ең төменгі базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) алуы үшін шотта қалуға тиіс ең төменгі көрсеткіш», – делінген хабарламада. 2024 жылы зейнетақы қорынан алуға болатын қаржының жеткіліктілік шегі.

2024 жылға арналған зейнетақы жинақтарын пайдаланудың ең төменгі жеткілікті шегі.

2024 жылға арналған зейнетақы жинақтарын пайдаланудың ең төменгі жеткілікті шегі. Скриншот: БЗЖҚ 

Зейнетақы қорының мәліметінше, ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшерін бұрынғы деңгейде сақтау (2023 жылмен салыстырғанда өсірмей, өзгеріссіз қалдыру) ішінара кірістің болжамды жылдық пайыздық мөлшерлемесінің жоғарылауымен де байланысты.

«Осылайша, бекітілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен болжамды есептеулерді ескере отырып, 2024 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері ағымдағы деңгейде сақталады», – деп хабарлады БЗЖҚ өкілдері.

БЖЗҚ мәліметінше, 2024 жылға арналған ТЖШ есептеу кезінде мына әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылған:

1) ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;

3) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге;

4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-07
Утром-10.65 ℃
Днем-6.36 ℃
Вечером-9.71 ℃
Ночью-10.75 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра5.56 м/с
2025-02-08
Утром-11.91 ℃
Днем-7.59 ℃
Вечером-9.27 ℃
Ночью-10.58 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра4.44 м/с