Орал соты белсенді Амангелді Оразбаевтың жазаны жұмсарту туралы өтінішін орындамады

14 желтоқсанда Батыс Қазақстан облыстық соты 63 жастағы белсенді Амангелді Оразбаевтың түрме жазасын бостандықты шектеу жазасына алмастыру туралы өтінішін орындамады.

«ОА» мұрағатынан

11 қазанда Орал қалалық соты белсендіні түрмеге ауыстыру туралы қаулы қабылдаған еді. Қорғау тарабының пікірінше, қылмыстық соттың шешімі «тым қатаң шара».

—Орал қалалық соты 11 қазанда пробация қызметінің Амангелді Оразбаевты түрмеге ауыстыру туралы өтінішін орындаған. Дәлелдер істің нақты мән-жайына сәйкес келмейтіндіктен, соттың ұйғарымымен келіспеймін. Сонымен қатар, Оразбаевтың жасы мен денсаулық жағдайын ескерсек, түрмеге ауыстыру шектен тыс заңдық шара болып саналады. Оразбаев бейнежазбаны жариялады деген уәждер тек болжам, – деді сот отырысында адвокат Құлжанов.

Адвокаттың пікірінше, үш ай түрмеде отыруға Оразбаевтың денсаулығы шыдамауы мүмкін.

—Оразбаев сотқа медициналық құжаттарын көрсетті, диспансерде тіркеуде тұрғанын және жедел операцияға зәру екенін жеткізді, алайда сот бұл жайттарды ескермеді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып соттан Орал қалалық соттың 11 қазан күнгі қаулысының күшін жоюды сұраймын, – деді адвокат.

Амангелді Оразбаевтың өзі сотқа қатыстырылған жоқ. Ол тергеу изоляторынан әкелінбеген. Әйелі Гүлнар Оразбаева судьядан «жолдасымды не үшін әкелген жоқсыздар?» деп сұрады. Судья Ғизатолла Қырықбаев себебін айтпады.

Сотта сөйлеген прокурор апелляциялық алқадан Орал қалалық соттың шешімін өзгеріссіз қалдыруды, себебі «қаулы заңға сәйкес шығарылғанын» атап өтті.

Ақыры судья Амангелді Оразбаевтың бостандықты шектеу жазасын түрмеге алмастыру туралы бірінші инстанциядағы шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Бейбіт наразылық акцияларына жиі қатысып жүрген Орал тұрғыны, азаматтық белсенді Амангелді Оразбаев биыл 15 ақпанда «тыйым салынған ұйыммен» байланысты бағдарлама жазылған «үнпарақ таратқаны үшін» сотталған. Сот оның бостандығын 1,5 жылға шектеп, екі жыл қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салды. Қазанда Орал қаласының қылмыстық істер жөніндегі соты Оразбаевтың бостандықты шектеу жазасын түрмемен алмастыру туралы қаулы шығарған. Пробация қызметі арыздарында Оразбаев екі рет пробация шарттарын бұзғанын жазған. Ал белсенді Амангелді Оразбаев сот шешімімен келіспеген.

Дереккөз: Аzattyq

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-28
Утром2.49 ℃
Днем6.04 ℃
Вечером5.87 ℃
Ночью2.99 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра10.57 м/с
2025-04-29
Утром1.2 ℃
Днем9.81 ℃
Вечером11.69 ℃
Ночью7.31 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра6.25 м/с