Оралда буллингке байланысты мектеп директоры қызметінен босатылды

Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарында балалардың арасында құқық бұзушылықтың, буллингтің алдын алуға қатысты жұмыстар күшейтілді.

Фото: ашық дереккөз

Оралда буллингке байланысты №38 мектеп-лицейінің директоры Райхан Биғазиева қызметінен босатылды, деп хабарлайды Kazinform Орал қаласы білім беру бөлімінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Хабарламаға қарағанда, 7 желтоқсан күні Орал қаласы білім беру басшысының міндетін атқарушы Индира Әміртаеваның қабылдауында болған ата-ана мектепте баласын ұрғанын және бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге орналастырғанын мәлімдеген.

Арыз бойынша мектеп әкімшілігі шақыртылып, мәжіліс өткізілді. Мәжіліс барысында мектеп директоры Р.Биғазиеваға ата-анаға педагогикалық қолдау көрсету, кәмелетке толмаған ұлына психологиялық көмек беру тапсырылды. Сондай-ақ ата-ананың сұрауы бойынша «Жас ұрпақ» орталығы, орталық психологының байланыс нөмірі берілді. Мектепте ата-аналар жиналысы өткізілген.

Оқушылар арасында құқық бұзушылыққа жол бергені үшін сол күні сынып жетекшілеріне, пән мұғалімі мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына және мектеп басшысына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза берілді.

«12 желтоқсан күні облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырысы болды. Орал қаласы білім беру бөлімінің 12 желтоқсандағы бұйрығымен мектеп директоры Р.Биғазиева ҚР Еңбек кодексі 49-бабының 5-тармағы негізінде жұмыстан босатылды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарында балалардың арасында құқық бұзушылықтың, буллингтің алдын алуға қатысты жұмыстар күшейтілді.

«Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы» жоспары дайындалып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №506 бұйрығымен бірге білім беру ұйымдарына жыл бойына жұмыстану үшін жолданды. Жоспар негізінде іс-шаралармен ата-аналар, оқушылар және педагогтарды қамту көзделген», – деп хабарлады ведомстводан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Орал мектеп-лицейіндегі буллинг: бірнеше педагог пен ата-аналар жауапқа тартылды

Оралдағы мектептегі бұзақылық: Министр баланың ата–анасынан кешірім сұрап, істі өз бақылауына алды

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-28
Утром2.49 ℃
Днем6.04 ℃
Вечером5.87 ℃
Ночью2.99 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра10.57 м/с
2025-04-29
Утром1.2 ℃
Днем9.81 ℃
Вечером11.69 ℃
Ночью7.31 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра6.25 м/с