БҚО-да облыстық жолдарда 9 мердігер күтіп ұстау жұмыстарын жүргізеді

14 бағыт бойынша облыстық жолдарды күтіп ұстау жөнінде 2021-2023 жылдарға келісімшарт жасалған.

«ОА» мұрағатынан

Батыс Қазақстанда облыстық маңызы бар 1 488 км автомобиль жолына 9 мердігер күтіп ұстау жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Kazinform.

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бауыржан Айтмағамбетовтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, 132 км жол учаскесіне қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл учаскелер бойынша мердігер ұйымдар қызмет көрсетеді.

Бауыржан Есқайырұлының сөзіне қарағанда, 14 бағыт бойынша облыстық жолдарды күтіп ұстау жөнінде 2021-2023 жылдарға келісімшарт жасалған.

«Мердігерлермен жасалған келісімшарт мерзімі биылғы 31 желтоқсанда аяқталады. Осыған сәйкес қазіргі уақытта облыстық жолдарды 2024-2026 жылдары ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Кейде жолдарды уақытылы тегістеу жұмыстары жүргізілмей қалған жағдайлар болып жатады. Ондай кезде басқарма тарапынан жұмысты толыққанды орындау жөнінде ескерту беріледі. Мерзімінде орындалмаған жағдайда мердігерге айыппұл есептеліп, тіпті келісімшартты бір жақты бұзуға тура келеді», – дейді Б.Айтмағамбетов.

«ОА» мұрағатынан

Басқарма мәліметі бойынша облыстық жолдарды күтіп ұстаушы мердігер ұйымдардың иелігінде 98 арнайы техника, 8 тіркемелі грейдер және патрульдік жеңіл автокөліктер бар. Қардан тазалау жұмыстары көлік көп жүретін жолдарда бірінші кезекте 2-4 сағат аралығында атқарылады. Барлық автомобиль жолдары қар түскеннен кейін 24 сағат ішінде тазаланады. Сол секілді республикалық маңызы бар 1 032 км автомобиль жолын «КАЖСервис» ЖШС БҚО филиалы күтіп ұстайды. Күрделі жөндеу қаралған 245 км және қайта құрудан өтіп жатқан 72 км жол учаскесіне мердігер ұйымдар жауапты.

Қысқы кезеңде «КАЖСервис» ЖШС-дан 63 техника қызмет көрсетеді. Сонымен қатар автокөліктердің үздіксіз және қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету және қолайсыз ауа райының алдын алу мақсатында басқа ұйымдардан 12 жол-құрылыс техникасын алуға келісімшарт жасалған.

«Көктайғаққа қарсы материалдар дайындау – қысқы күтімнің ажырамас бөлігі. Сондықтан алдағы кезеңге республикалық жолдарда 1 6200 тонна құм-тұз қоспасын әзірлеу жоспарланса, соның 7 550 тоннасы әкелінген. Қосымша 1 375 тонна тұз жеткізілмекші. Оған қоса облыстық жолдар үшін материалдар толықтай дайын. Қыс кезінде жолда кез келген жағдай болуы ықтимал. Республикалық жолда жүру мүмкіндігі қиындаса, 1403 нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласуға болады. Сондай-ақ облыстық жолда көлік бұзылса, жүргізуші басқалай жағдайға тап келсе, +7 771 179 63 92 қоңырау шалуға немесе WhatsApp желісіне хабарлама қалдыруға болады», – деді Б.Айтмағамбетов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-14
Утром24.38 ℃
Днем28.19 ℃
Вечером29.14 ℃
Ночью20.76 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.03 м/с
2025-06-15
Утром17.05 ℃
Днем17.16 ℃
Вечером16.52 ℃
Ночью15.02 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра8.18 м/с