Қоғам белсендісі Маруа Ескендірова 25 тәулікке қамауға алынды

Оралда белсенді Маруа Ескендірова «митингіге шақырды» деген айыппен 25 тәулікке қамауға алынды.

«ОА» мұрағатынан

Іс материалдарына сәйкес, ол 4 желтоқсанда митингке шақырған хабарлама жариялаған.

Бұл ретте, Маруа сотта аккаунтты екі жылдан бері пайдаланбағанын атап өтті, деп жазады «Азаттық радиосы».

14 желтоқсанда судья Ернар Халықов белсендіні «заңға қайшы митинг ұйымдастырмақ болды, бір жыл ішінде қайталап заң бұзды» деп таныды. Бұл шешімге Ескендірованың «әлеуметтік желідегі митингіге шақырған жазбасы» түрткі болған.

Ескендірованың өзі көрсетілген Facebook-аккаунтты ұялы телефонын ұрлап алғаннан бері – соңғы екі жылда мүлдем қолданбағанын мәлімдеді. Белсендінің айтуынша, хаттамаға түрткі болған жазбаны өзге адам жазған және ол тек белсендіні белгілеген (тегтеу). Сол үшін жазба белсендінің парақшасында шығып тұр.

— Мен бұл адамды білмеймін. Мен ешқандай материал жарияламадым. Себебі мен қазір шектеуде отырмын. Мен ешқандай митингіге шықпаймын. Егер мен өзім шықпасам, өзгелерді несіне шақырамын?, — деді Ескендірова.

Оның адвокаты Жанболат Күлжанов қаулы полиция тарапынан негізсіз түзілгенін айтады. Ол сот шешіміне қарсы шағым түсіретінін мәлімдеді.

Биыл ақпанда Орал соты «тыйым салынған ұйымның ісіне араласты» деп белсенді Маруа Ескендірованың бостандығын шектеген. Сот бұған қоса, қоғамдық-саяси қызметпен айналысуларына тыйым салған. Белсендінің сөзінше, өзін пробация қызметі 14 желтоқсанда шақырған. Айтуынша, бейсенбі күні полиция бөлімінде таңертеңгі сағат 11-ден бастап болған. Бастапқыда оған қозғалған әкімшілік іс қылмыс құрамы болғандықтан тоқтатылған. Бес минуттан соң полицейлер жаңа хаттама толтырып, екі сағаттан кейін екінші сот өтті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром4.63 ℃
Днем5.02 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность96 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с