West oil жұмысшылары 7 күннен бері ереуілдеп тұр

Маңғыстау облысы Жетібай кентінде West oil компаниясы жұмысшыларының наразылық жасап тұрғанына 17 желтоқсанда 7 күн болды. Тұрғындар ауылға арнайы жасақ әкелінгенін хабарлады.

Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауынша, арнайы жасақ ауылдағы мәдениет үйіне шоғырландырылған.

Жұмысшылар үш талап айтып отыр: West Oil компаниясын «ҚазМұнайГаздың» балансына қосу, бірыңғай төлем жүйесін енгізу және материалдық-техникалық базаны жаңарту. Наразылыққа шамамен 500 адам қатысып жатыр. Наразылар қақаған аязда күні-түні далада тұр. Олар талаптары орындалмайынша тарамайтынын айтады.

17 желтоқсанда ереуілшілерді қолдап жаңаөзендіктер келді. Азаттықтың тікелей эфирінде олар жұмысшылар орынды талаптар қойып отыр, билік халықтың талабына құлақ ассын, жұмысшыларды қудаламасын деді.

«Мұндағы жұмысшылардың әрқайсысының 4-5-тен баласы бар. Алатын жалақылары мардымсыз. Жұмыстары ауыр. Айдан айға әрең күн көріп отыр. Билік бір ай мұнайшының етігін киіп, осылардың өмірін сүріп көрсін» деді жаңаөзендіктердің бірі, он баланың анасы.

West Oil Software өз талаптарын былтыр қазанда да көтерген. Содан бері олардың еңбек дауы жалғасып келе жатыр.

«ҚазМұнайГаздың» еншілес кәсіпорны Oit Transport corporation ЖШС — 2002 жылы «Бозащы технологиялық транспорты», «Жетібай технологиялық транспорты», «Маңғыстау технологиялық транспорты» кәсіпорындары мен «Арай» кәсіпорнын біріктіру арқылы құрылған.

2018 жылы Бозащы технологиялық транспорт басқармасы «БозащыТрансҚұрылыс» және West Oil Software компанияарына сенімді басқаруға берілген.

Дереккөзі: centralasian.org

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-19
Утром-15.95 ℃
Днем-10.76 ℃
Вечером-12.31 ℃
Ночью-14.64 ℃
Влажность77 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.29 м/с
2026-01-20
Утром-10.99 ℃
Днем-7.53 ℃
Вечером-8.41 ℃
Ночью-10.8 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра2.44 м/с