БҚО тас жолында екі жүк көлігі соқтығысқан
ЖКО салдарынан жүретін жол жабылып қалды.

Кеше сағат 15: 07-де «112» пультіне «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар трассасының 475 шақырымында 2 тиелген жүк соқтығысып, біреуі аударылып, жолды жауып тастағаны туралы хабарлама келіп түсті.

БҚО ТЖД № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен ПД қызметкерлерінің сүйемелдеуімен автокран көлік қозғалысын тоқтатқан жүк көлігін жолға шығару үшін оқиға орнына жетті. Автокранның көмегімен жүк көлігі көтеріліп, сүйреу арқылы одан әрі жөндеу базасына жеткізілді.
