Пиротехникадан келер қауіп көп

Пиротехникадан түскен жарақаталғандар саны жылдан-жылға көбейіп жатыр. Сондықтан құтқарушылар отшашуды сатып аларда сатушыдан анықтама талап етіп, мұқият болуға шақырады.

Фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Ернұр Сапарұлы Өтегенов 2023 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша облыс аумағында 554 өрт оқиғасы тіркеліп, өртте 10 адам қаза тауып, 9 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды, өрттен келтірілген шығын сомасы 157 750 000 теңгені құрады,- деп атап өтті.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрттер санының 3,9%-ға өсуі байқалады.

Өрттердің жалпы санынан тұрғын үй секторында 340 өрт тіркелді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға өсіп отыр.

Өрттің негізгі себептері – электр сымдарының қысқа тұйықталуы, өртті абайсызда өңдеу пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, өртеу, сондай-ақ балалардың отпен ойнауы.

Жаңа жыл жақындаған сайын халықтың түрлі пиротехникалық бұйымдарды пайдалануына байланысты төтенше жағдайлардың туындау қаупі бар. Тәжірибе көрсеткендей, өрттің пайда болуы және пиротехникалық бұйымдардан жарақат алудың барлық жағдайлары осы бұйымдармен абайсызда жұмыс істеу және қарапайым ережелерді сақтамау салдарынан болған.

Жаңа жыл қарсаңында Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті адамдардың өмірі және материалдық құндылықтарды өрттен сақтау мақсатында өрт қауіпсіздігінің барлық шараларын қатаң сақтауды ұсынады:

– қолдану жөніндегі нұсқаулықпен және жоғарыда атап өткен қауіпсіздік шараларымен танысқанға дейін сатып алынған пиротехниканы пайдалануға;

– жел екпінінің секундына 5 м артық болған кезде пиротехниканы қолдануға;

– қауіпті аймақта адамдар, жануарлар, жанғыш материалдар, ағаштар, ғимараттар, тұрғын ғимараттар, электр кернеу сымдары болған кезде пиротехниканы жаруға;

– үлкен отшашуларды қолмен атуға және оларды қолданғаннан кейін 2 минут ішінде өнімдерге жақындауға;

– пайдалану кезінде өнімді төмен қаратуға;

– жарамдылық мерзімі өткен, сондай-ақ, зақымдануы бар өнімдерді пайдалануға;

– қолдану жөніндегі нұсқаулықта және осы қауіпсіздік шараларында көзделмеген кез-келген әрекеттерді жүргізуге, сондай-ақ, дайын бұйымдарды бөлшектеуге немесе қайта жасауға;

– пиротехниканы жабық үй-жайларда, пәтерлерде, кеңселерде пайдалану, сондай-ақ балкондар мен лоджиялардан отшашуларды іске қосуға;

– балаларға пиротехникалық бұйымдарды өз бетінше іске қосуға рұқсат етуге;

– ылғал пиротехникалық бұйымдарды жылыту аспаптарында, жылыту батареяларында және т.б. кептіруге қатаң тыйым салынады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-14
Утром-3.3 ℃
Днем-1.99 ℃
Вечером-7.33 ℃
Ночью-7.62 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра4.9 м/с
2025-01-15
Утром-6.59 ℃
Днем-3.14 ℃
Вечером-3.24 ℃
Ночью-2.92 ℃
Влажность88 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра5.98 м/с