9 су қоймасын салуға инвесторлар тарту үшін келіссөз жүріп жатыр – министрлік

Жаңа су қоймалары көршілес елдердің су ресурстарына тәуелділікті 25 процентке азайтады деп болжанып отыр.

Фото: 2051.vision

Су ресурстары және ирригация министрлігі көршілес елдердің су ресурстарына тәуелділікті 25%-ке азайту үшін жоспарланған жаңа 20 су қоймасының 9-ының құрылысы бойынша жұмысты бастады.

Министрліктің ақпаратынша, жаңа су қоймаларын қолданысқа беру тәуелділікті төмендетіп қана қоймай, суармалы жерлердің ауданын 250 мың гектарға дейін ұлғайтуға және 137 мыңнан астам тұрғыны бар 70 ауылдық елдімекенді су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

«Қазіргі уақытта 9 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Сондай-ақ, жаңа су қоймаларын салуға инвесторларды тарту бойынша да белсенді келіссөздер жүргізілуде», — делінген хабарламада.

Бұған дейін су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеген болатын. Құжат су қоймаларын салу және реконструкциялау, гидротехникалық құрылыстарды, ирригациялық жүйелерді және топтық су құбырларын реконструкциялау жөніндегі іс-шараларды қамтиды.

«Кешенді жоспар бірнеше кезеңде іске асырылады. Мәселен, 2024-2026 жылдары 11 облыс аумағында 2,4 текше шақырым су жинауға болатын 20 жаңа су қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр», — деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Оның айтуынша, кешенді жоспарды іске асыру қолда бар су ресурстарының көлемін 3,7 текше шақырымға арттыруға, суармалы жерлердің ауданын 2,2 млн гектарға дейін кеңейтуге, суармалы судың жыл сайынғы шығынын азайтуға және оның жалпы көлемін 3 текше шақырымға дейін арттыруға, сондай-ақ 55 мыңнан астам халқы бар 41 елдімекенді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-10
Утром16.47 ℃
Днем25.27 ℃
Вечером25.39 ℃
Ночью19.92 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра6.06 м/с
2026-06-11
Утром17.31 ℃
Днем25.31 ℃
Вечером24.88 ℃
Ночью18.48 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра6 м/с