Алматыда автобус аялдамадағы адамдарды жаншып өтті

Алматыдағы «Қалқаман» аялдамасында автобус жаяу жүргіншілерді басып кетіп, 3 адам қайтыс болды.

Куәгердің суреті

Алматыдағы Райымбек даңғылында жолаушылар автобусы кенеттен аялдамада тұрған адамдарды жаншып өтті. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға үш адамның өмірін қиды.

Оқиға орнына құтқару және шұғыл медициналық қызметтер жедел жетті. Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккендерге көмек көрсетті, ал полиция қызметкерлері мен тергеу органдары болған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сұмдық оқиға сағат 18:15-те болған.

“47-бағыттағы қоғамдық көліктің (жеке тасымалдаушы — «ДуманТрансКом» ЖШС) жолаушысы жанжал салдарынан жүргізуші әйелді ұрған. Ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалған.

Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты.

Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.

Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда”, – делінген хабарламада.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-12
Утром17.99 ℃
Днем24.82 ℃
Вечером21.64 ℃
Ночью19.63 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.43 м/с
2026-06-13
Утром16.47 ℃
Днем24.1 ℃
Вечером22.55 ℃
Ночью18.96 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра5.43 м/с