Қазақстанда көлік құралынсыз техникалық байқау өткізгені үшін айыппұлды ұлғайту жоспарлануда
Қазақстандағы операторларға қатысты көлік құралынсыз техникалық байқау өткізгені үшін айыппұлды бірден 10 есеге – 10-нан 100 АЕК-ке дейін (345 мың теңге) ұлғайту жоспарлануда.

Қазақстанда автокөлікті техникалық байқаудың бар-жоғын автоматтандырылған тексеру бойынша пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда, деп хабарлады Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр депутаттық сауалға жауап ретінде.
«Техникалық байқау мерзімі өтіп кеткен көлік құралдарын анықтау үшін «ҰАТ» АҚ Ішкі істер министрлігімен және «Сергек» компаниясымен бірлесіп техникалық байқаудың бар – жоғын автоматтандырылған тексеру бойынша пилоттық жоба жүргізуді жоспарлап отыр», — делінген жауапта.
Сондай-ақ, Роман Склярдың айтуынша, техникалық байқау операторларына қатысты көлік құралынсыз техникалық байқау жүргізгені үшін айыппұлды 10-нан 100 АЕК-ке дейін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Роман Скляр Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген көлік құралдарын заңдастырғаннан кейін оң жақ рульді көлік құралдарының саны артқанын атап өтті.
Өз кезегінде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай автомобильдерді такси қызметін көрсету үшін пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ, оң рульдік көліктерді сол жаққа заңсыз көшіруге жол берілмейді.
