Қазақстанда темекі бағасы күрт өсті

Қазақстанда бір жылдың ішінде темекі 19,7 пайызға қымбаттаған. Келер жылы оның бағасы тағы өсуін жалғастырады, себебі қаңтардан бастап темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы көтеріледі.

Көрнекі сурет

EnergyProm порталы мәліметіне сүйенсек, биыл қаңтар-қараша аралығында Қазақстанда 15 млрд темекі және т.б. темекі өнімдері өндірілген. Бұл былтырғы көрсеткіштен небәрі 0,1 пайызға төмен. Бұл ретте отандық компаниялар темекі мен папиросқа деген сұраныстың тек 45 пайызын қамтамасыз еткен – қалғаны импорт есебінен сатылған. Бұл ретте елімізде қарашада темекі құны 19,7 пайызға жоғарылады.

Өңірлер бойынша темекі өнімдерінің бағасы Қостанай облысында (27,6 пайызға) ең көп артқаны байқалған. Одан соң Батыс Қазақстан (25,7 пайызға) мен Солтүстік Қазақстан (24,4 пайызға) облыстарында баға өскені анықталған. Ал Алматы облысында (16,3 пайызға) бұл көрсеткіш, керісінше, әлдеқайда төмен екені хабарланды. Астанада (21,7 пайызға), Шымкентте (19,4 пайызға) және Алматыда да (18 пайызға) темекі бағасы көтерілген. Осы орайда еліміздің барлық өңірі бойынша темекінің орташа құнының өсуі Қазақстандағы жалпы инфляция деңгейінен (10,3 пайызға) жоғары болғаны анықталды. Айта кетейік, темекі өнімдері тек инфляция деңгейінің артуынан қымбаттамайды. Бөлшек тауарлардың ең төменгі бағасының да тұрақты өсуі маңызды рөл атқарады. Мысалы, 2023 жылы 1 шілдеден бастап бір қорап темекінің құны – 60 теңгеге, яғни ең төменгі бағасы 710 теңгеге дейін өскен. Ал 2024 жылы 1 қаңтардан бастап – 770 теңгеге дейін өсуі ықтимал.

Сондықтан Қазақстанда келесі жылы да темекі өнімдері қымбаттауы мүмкін. Сондай-ақ темекі өнімдері мен темекі түтінінің әсеріне қатысты жүргізілген сауалнамаға сәйкес, қазақстандықтардың жартысынан көбі (55,5 пайызы) темекі өнімдеріне салынатын салық мөлшерін көтеру шешімімен келіседі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-20
Утром12.22 ℃
Днем22.16 ℃
Вечером19.76 ℃
Ночью16.17 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра10.08 м/с
2025-05-21
Утром13.85 ℃
Днем22.05 ℃
Вечером17.1 ℃
Ночью11.43 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра8.98 м/с